Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадан шыққан қыз Испанияда жеке компаниясын ашты

Біз сіздерге Испания елінде өз ісін ашып, арманына қол жеткізген қазақстандық қыз Гүлжан Накипова жайлы айтпақпыз.

3QROeFZD8FnhOMDX1EgFEs4H4ON6SS

Гүлжан Қызылорда қаласында өмірге келген. Ол мектепті бітірісімен Алматыдағы Қазақ-Америкалық университетіне оқуға түседі. Оқи жүріп «Sony» корпорациясында жұмыс істейді.

Алайда Гүлжан Испанияда тұруды армандайды. Сол арманына қалайда қол жеткізугі талпынып жүреді.

Ақырында алдына мақсат қойып, Барселонаға оқуға аттанады. Ол елде университетпен әріптестік орнататын агенттік тауып, испан тілін меңгере бастайды. Ол Барселонада маркетинг мамандығы бойынша оқуға бел буады.

«Испанияда жүрген алғашқы жылдары кереметтей сезімде жүрдім. Бұл елге келуіме Алматыдағы қарбалас тірлік себеп болған шығар. Алматыда сабақтан соң жұмысқа барып, жұмыстан соң құрбымыз екеуміз ашқан «Хозяюшки» дүкеніне барам. Күніге осылай қайталана берген соң, одан шаршай бастадым. Ақыры, дүкенді құрбыма тапсырып, өзім оқу аяқтаған соң Испанияға аттандым. Бірақ мен бастапқыда бір жыл болам деп ойлағам», – дейді Гүлжан.

5023Ba5useH9fc912QeWNbVACB4672

Оған осы елде танысы университеттің бірімен әріптестік орната отырып жұмыс істеуді ұсынады. Ол қосымша «Туризм мен қонақ үй ісі» мамандығын қатар алып шығады.

Жұмысы табысты болғанына қарамастан Гүлжан біреудің қоластында жұмыс істегеннен гөрі өз ісін ашуды ойластыра бастайды. Сөйтіп, өзгелер армандайтын қызметінен өз еркімен кетіп қалады.

Жұмысынан кеткен соң бизнес жоспар құрып, бар күшін соны іске асыруға жұмсайды. Бизнесі бойынша өзге елден Европа мен Канадаға оқуға түсушілермен жұмыс істейді.

Бастапқыда ол әлеуметтік желі арқылы клиенттерімен онлайн кездесулер өткізіп жүреді. Оның Education Best атты компаниясы уақыт өте келе таныла бастайды. Оған сұраныс та арта бастайды. Оның иелігіндегі компания шетелде оқуды ғана емес, сонымен қатар халықаралық іс-тәжірибеден өтуге көмектеседі.

«Кез келген істе қиыншылық болады. Қателескен сайын онысы өзіне сабақ болады. Сондықтан дегеніңе жету үшін бірнеше рет талпынып көру керек. Сонда ғана арманға қол жеткізесіз», – дейді Гүлжан.

Қазір Барселонада тұрып жатқан бойжеткен компаниясының Қазақстанның жастары үшін де көмегі тиер деп сенеді.

Әлия Мусаева

Жіберіп алмаңыз:

Назарбаев Қазақстанда өзінің Билл Гейтсін тауып алды

Мектеп қабырғасында миллионер болған қазақстандықтың құпиясы

Қытайда терезеден лақтырылған бөтелке үшін үйдің бүкіл тұрғындары айыппұл төледі

Екі ұлын соғыста жоғалтқан әке біреуін ғана жоқтайды

Талқылау