Қызылордада есепші өз-өзіне қол жұмсауына бастығын кінәлап, хат қалдырған
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Торғын Жұмабекова 2 шілде күні таңғы сағат 5 -8 арасында қайтыс болған.
Ауласындағы сарайға асылып өлген келншектің соңында 2 жастағы ұлы Мансұр мен жан-жары қалды. Қайғыдан қан жұтқан отбасы алғашында Торғынның бұл әрекетке не себепті барғанына түсінбегендерін айтады.
Тіпті, ештеңеден күмәнданбағандары соншалық оның денесін медициналық сараптамаға да бермеген. Жұмыс берушісі мен күйеуін «өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі» деп ойламаған да.
«Оқиға болғаннан кейін бір апта өткен соң қызымның қоштасар хаты табылды. Немеремді туысымыз қарап тұруға алып кетпекші болды. Сол кезде оның заттарын жинап жатып, ойыншықтардың арасынан осы хатты тауып алды.», – дейді марқұмның анасы.
Баласының ойыншықтары арасынан табылған хатта Торғынның өз-өзіне қол жұмсауына түрткі болған жайттар жазылған екен.
Торғын Жұмабекова 2016 жылдың ақпан айынан бастап Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал ауылындағы мәдениет үйінде есепші болып жұмыс істеген. Келіншек жақындары көрсеткен қоштасар хатында осы мекеменің басшысынан қысым көргенін жазыпты.
Біздің қолымызға аталмыш хаттың көшірмесі тиді. Бүгінде бұл хатты тиісті сала мамандары зерттеп, құзырлы орган қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр екен.
«Бастық менің атымнан, өзіне авонс алдырып жүрді. Кейінірек тағы көптеу алдырды. Биыл одан да көп, енді қарыздың бәрін маған жауып отыр. Ол кісі бір күні келіп машинасына отырғызып, маған қағаз жаздырып алды. «Ол ақшаны өзім алдым, бір айда жабамын» деп жаздырып, қол қойғызып алды. «Енді бір айда жабасын иә қылмысыңды өз мойныңа аласын» деп ескертіп кетті» деп жазған Торғын өзінің хатында.
Бұл жағдай жөнінде ауылдық мәдениет үйінің директоры Талғат Асылбековпен сөйлескен едік. Басшы марқұмның қоштасар хатын өзі жазғанына сенбейтінін ашып айтты.
«Торғын қайтыс болғаннан кейін, бухгалтерлік жұмысына тексеру жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 3 миллион теңгеден астам қаражаттың мақсатсыз жұмсалғанын анықтадық. Бүгінде тиісті құзырлы органдарға шағым түсірдім. Ал, хатқа келетін болсақ, оны Торғынның өзі жазғанына сенбеймін», – дейді Талғат Асылбеков.
Торғынның соңында күйеуі және екеуінің ортақ бір ұлы мен асыранды бір балалары қалды.
«Ахмедиярдың еш кінәсі жоқ, жаным кешірші мені, сені екі ұлыммен тастап кеткеніме. Осы екі ұлды жылатпай өсірші, саған мама, Гүлжанат демеу болады. Тәтелер, аға, жеңеше, мама, Гүлжанат, Аханға демеу болыңыздаршы, жалғыз тастамаңыздаршы, екі ұл өскен соң өздері әкелеріне қарайды» – деп жазған марқұм хатында.
Қазіргі күні марқұмның туыстары әділдік іздеп шырылдап жүр. Торғынның жақындары қыздарының қаржы жымқыру әрекетіне барғандарына сенбейді. Заң үстем етіп, кінәлілер жазасын алуын талап етеді.
Оқи отырыңыздар:
Таразда дәретханаға тасталған баланы асырап алмақшы болған жұп ұлды болды
Марқұмның әпкесі: Оқушы інімді ұрып бақилық қылған баланың әкесі түрме бастығы болып шықты
Қажылыққа анасын арқалап барған жігіт жұртты сүйсіндірді (видео)
Қырғызстаннан “екінші Димаш” шықты (видео)
Көмек көрсетуге уәде берген әншінің директоры Алтын алқа иегерін ұрысып тастады