Қызылордада 44 миллион теңгеге “Аналар аллеясы” ашылды (фото)
Мемлекет басшысының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қызылордада «Аналар аллеясы» ашылды.
Сурет: Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Бегім ана көшесіндегі «Ана бақыты» ескерткіші жанынан бастау алатын аллеяның ашылуымен қала тұрғындарын құттықтады.
Ұлтымыздың арғы-бергі шежіресінде еріне адал жар, баласына ардақты ана болуымен ұрпаққа өнеге, отбасына ұйытқы, ұлтқа ұран болған аналарымыз баршылық. Тарихтың қай парағын ақтарсаң да қаны асыл, жаны текті апа-аналарымыздың өнегелі ісі, айшықты жүзі мен ғибратты сөзіне қанасың. Бегім сұлу, Құртқа, Қыз Жібек, Қарашаш, Айман, Домалақ ана сияқты ақылы асқан, дана апа-аналарымыздың бейнесі асыл мұра ретінде ұрпағының санасында. Бұл жер анасы мен баласының, отбасылардың демалып, тәрбиелік мәні бар кездесулер өткізетін, Елбасының айтуынша, «Алаштың анасы – Сыр өңіріндегі» бірден-бір сүйікті орнына айналуына тілектеспін, – деді облыс әкімі.
Аллея құрылысына «Абзал и К» компаниясы 44 млн. теңге бөлді. «Ана бақыты» ескерткішінің авторы мүсінші Ағабек Назаров, биіктігі 5,5 метр.
Қызылорда облысында 34700 көпбалалы ана бар. Оның 17742 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбелік әйел ұлына қыздың есімін беріп, қашып кеткен
Қазақстан тұрғыны көшеге шығып, Қырғызстанмен арадағы достықты нығайтуға үндеді (видео)
Жаңаөзенде тепловоз қатысуымен болған апатта 9 адам көз жұмғаны анықталды (фото, видео)
Маңғыстауда «Газель» мен тепловоз соғысуының себептері анықалып жатыр