Қызылорда әкімінің көлігін айдап әкеткен жігіт полицейді атты
Қызылордада анау-мынау емес әкімінің үйінің алдында атыс болды. Қала басшысының қызметтік көлігін айдап кеткен адам тәртіп сақшыларына қару кезеніпті,-деп жазды КТК арнасы.

Аңшы мылтығын ұстаған 25 жастағы жігіт жолын бөгемек болған полицейлердің бұйрығына көнбеген.
Атыс қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың үйінің ауласында болды деген ақпарат бар. Бірақ мұны жергілікті полиция басшылығы растамады, жоққа да шығармады. Ал, күдіктінің жолын бөгемек болған жол-патрульдік полиция қызметкері Сұңғат Алмаханов сол аяғынан жарақат алған. Қазір ол қалалық ауруханада ем алып жатыр. Әкімнің «Lexus»-ын айдап кеткен жігітті тоқтатпақ болғанда, оқ тиді дейді полицей.
«Торайырғыров көшесінде боран автокөлігі тұр екен. Мен түскен кезде атты ғой сол жерде аяғымнан. Әкімнің джипы дейді ғой. Жүргізушісі екеуі жүрген, ұрлап алып қашып кеткен»,-дейді зардап шеккен полиция қызметкері Сұңғат Алмаханова.
Оқи отырыңыз:
ШҚО-да қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлері атқан ағайындылардың денесі дәретханадан табылды
Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)
Науқас қыз тексеру кезінде қыздығынан айырған дәрігерді сотқа берді
Жолаушысын жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлеген қостанайлық таксист сотта жауап береді
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды