Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-анасына пәктігін сатылымға шығарған қызын үйден қуып шығуға кеңес берілді

Румынияда туған Англия азаматшасы Александра Кефрен ата-анасын қаржылық қиыншылықтан құтқару үшін пәктігін саудаға қойды. 18 жастағы бойжеткен пәктігі үшін 850,000 фунт стерлинг (шамамен 374 миллион теңге) сұрап отыр.

3AF3AEC300000578-0-image-m-22_1480674311208

Алайда ата-анасы қыздары ойын жүзеге асырған жағдайда одан бас тартатынын айтып қорқытқан, деп жазды Metro.

18 жастағы Александра Кефрен Ұлыбританияның ұлттық телеарнасына шығып, өз отбасын қаржылық қиыншылықтардан құтқарғысы келетінін айтты. Алайда оның ата-анасы Тони мен Елена бұған түбегейлі қарсы екендерін жеткізді.

Оның немере ағасы Раду Радусу бойжеткен ойға алғанын іске асырған жағдайда ата-анасының одан теріс айналатынын айтты.

MailOnline-ға берген сұхбатында ол: «Ата-анасы оның бұл шешіміне түбегейлі қарсылық білдіруде және қыздың неліктен мұндай әрекетке барып отырғанын түсіне алмай отыр», – деді.

“Олар қыздарынан бұл іске бармауды өтінді. Алайда қыздары: «Жасым 18-ге толды. Сондықтан өз тәніммен не істесем де өзім білемін», – деп жауап берді. Ата-анасы тәнін сатқан жағдайда қыздарынан бас тартатынын айтып қорқытқан. Бұл сұмдық жағдай», – деп жалғады сөзін қыздың ағасы.

3ADB936900000578-3993618-Selfies_Toni_and_Elena_were_completely_unaware_that_their_daught-a-10_1480703629201

Айтуынша, Раду ата-анасы мен қызын табыстырмақ болған. Сондай-ақ, ол Александраның туған жері Румыния екенін айтып өтті.

Филипп Шофилд пәктігін сатуға бел буған бойжеткенді райынан қайтару үшін барынша тырысып бақты.

«Ақыл есің өз орныңда ма?» – деп сұрады ашынған тележүргізуші бойжеткеннен.

Радусудың айтуынша, бойжеткеннің 48 жастағы әкесі румындықтардың орташа айлық табысынан 4 есе артық табады.

Александра өзімен төсектес болатын жанның жыныстық ауруларға тексерілуі туралы ойламағанын мәлім етті. Мұны естіген оның туыстары тіптен шошып қалды.

3AD9FFDB00000578-3993618-Aleexandra_had_to_go_through_tests_to_prove_she_was_a_virgin_but-m-49_1480678366067

«Қанша дегенмен алғаш рет емес пе? Ол туралы ойланбадыңыз ба? Жігіт жыныстық ауруларға шалдыққан болса ше? Денсаулығыңызға немқұрайлы қарағаныңыз ба? Ал аяғыңыз ауырлап қалса ше?» – деп сұрады тележүргізуші. Өз кезегінде Александра ондай жағдайдың болмайтынын, ол үшін алдын ала сақтанынын жеткізді.

Александра пәктігіне ең жоғары сома ұсынатын жанды таппайынша бүкіл әлемді аралайтынын мәлім етті.

«Меніңше, артын ойлағаныңыз жөн. Амалдың жоқтығынан осындай әрекетке барып отырғаныңызды білемін. Алайда ата-анаңызды пәтерден қуып жібермесін деп тілеймін. Сонда сіз де пәктігіңізді сатуға мәжбүр болмайсыз», – деп түйіндеді тележүргізуші.

Жіберіп алмаңыз:

Дженнифер Энистон ұшқыш кабинасындағы секс туралы айтып берді

Пәктігінен айырылған қазақ қызы амалсыздан көңілдес болып жүр

АҚШ-та 13 жастағы оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен мұғалім 30 жылға сотталды

Қалыпты уақыттан аз ұйықтайтын ерлердің жыныстық белсенділігі азая береді

Талқылау