Аустралияда 5 жасар бүлдіршінге жынысын ауыстыратын ота жасалмақ
Бес жастағы бүлдіршіннің жыныс мүшесі отаның көмегімен ауыстырылмақ. Яғни бүлдіршіннің сырт келбеті толықтай қызға ұқсағанымен, оның жыныс мүшесі ұлдардікіндей. Енді сот отбасы ісіне қатысты шешім шығарған соң, “қыздың” жыныс мүшесіне арнайы ота жасалады.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Жасалатын ота “интерсексуалды хирургия” деп аталады. Карла туған кезде, дәрігерлер мен ата-анасы оның ұл бала екеніне сенімді болған. Алайда тест нәтижелері оның не ұл екенін, не қыз екенін анықтай алмаған. Себебі, жыныс мүшесі ұлдардікіне көбірек ұқсаса да, кей элементтері қыздарға тән болған.
Өсе келе Карланың мінез-құлқы өзгеріп, әйелдерге тән мінез көрсете бастаған. Дәрігерлер мұндай жағдаймен алғаш рет кездесіп отыр екен. Сондықтан арнайы ұйым құрып, отаны жасау мүмкіндіктерін қарастырған.
Интерсексуалды белсенді Морган Карпентер бүлдіршінге отаның жасалуын толықтай құптап отыр. Ол есейген сайын адамның денсаулығы отаны көтермейтінін айтып жатыр.
Сот төрағасы Коллин Форест ағымдағы жылдың қаңтар айында шешім шығарып, Карланың ата-анасының әрекетін құптады. Форест мырза мұндай шешімді тек бүлдіршінді өзі бақылаған соң ғана қабылдаған. Яғни оның нәзік жандыларға тән қылық көрсетіп жатқанына толықтай көз жеткізген.
“Ол түрлі ойыншық пен гүлдерді қатты жақсы көреді. Ерніне далап жағып, боянғанды ұнатады. Бөлмесі барби қуыршақтармен, алқызыл түспен безендірілген. Ол тұрып дәрет сындырғанды, өзін ер адам ретінде білгенді ұнатпайды. Мұнымен қатар, Карла үнемі ұзын шашпен жүруге тырысады”, – дейді ол.
Ал кеңес мүшесі Тони Бреффе дәл осындай отаны 7 жасында басынан өткерген. Ол керісінше отаның ерте жасалуын құптамайды.
Карлаға ота жасалып, ол кәмелеттік жасқа толған соң, ерлермен жыныстық қатынасқа түсе алады. Бүгінде мұндай оқиғалар көптеп кездеседі. Бірақ ол әлі күнге дейін біржақты шешім таппай келеді.
Жіберіп алмаңыз:
Үнді азаматы әйелі секпен айналыспай қойғаны үшін өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған
Сауд Арабиясының тұрғындары көше сыпырушыға көп алтын мен қымбат смартфондар сыйлады
Тойына тікұшақпен келмек болған қалыңдық көз жұмды (фото)
Оқушы қыз желіге порносуреттерін жариялап “жұлдызға” айналды