Қыз тәрбиесі туралы айтқан Дәурен Айдарқұлов сынға қалды
Бірнеше мәрте отбасын құрып, ажырасқан Дәурен Айдарқұлов қыз тәрбиесі туралы сөз етемін деп дауға қалды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Ұлға қарағанда қыз баласы анасы мен әкесінің арасындағы жылы қарым-қатынасты тез байқап, сезінеді. Ең басты тәрбие де осында жатыр. Қызыңызға жақсы тәрбие бергіңіз келе ме? Ендеше, оның анасын сыйлауға тиіссіз», – деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.
Алайда желі оқырмандары үш баласымен бірге алғашқы әйелін тастап, Ақбота Сейітмағамбетпен бас қосып, қайта ажырасқан актерге мұндай сөз жараспайтынын айтты.
«Әдемі сөйлейсіз, іске келгенде жоқсыз», «Дәуреннің айтқанын істеңдер, істегенін істемеңдер», «Сіз айтпай-ақ қойыңызшы», – деп пікір білдірді желідегілер.
Айта кетейік, Айдарқұловтың алғашқы некесінен екі қызы, бір ұлы бар. Сондай-ақ, былтыр КешYou тобының экс-әншісі Ақбота Сейітмағамбет Дәуренге ұл тауып берген болатын.
Тағы оқыңыз:
Ләйлә Сұлтанқызы той басқару үшін 10 мың доллар сұрайды
Әнші Санда тұрмыста болғанын мойындады
Ұлын аузымен тамақтандырған Қайрат Нұртас желіде қызу талқыға түсті (видео)