Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз кейпіндегі елес көретін бойжеткен болашағы үшін алаңдап көмек сұрайды

Бұл хат Ләззат Бердібек есімді бойжеткеннен келіпті. Басынан өткен түсініксіз де тылсым жайларды қысқаша баяндаған ол мұның себебін білгісі келеді.

maxresdefault

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

«Мен 7 жасымнан бастап түсініксіз дыбыстарды ести бастадым. Уақыт өте келе көзіме түрлі бейнелер көрінетін болды. Бұрын мұның не екенін түсінбейтінмін. Бір жағынан оған онша мән берген емес едім. 7-сыныпта, 13 жасымда оқып жүргенімде жазғы демалыста нағашы атамның үйіне қыдырып бардым. Түнде ұйықтап жатқанымда өзімнен өзім оянып кеттім. Көзімді ашсам төсегімнің жанында ұзын шашын әдемілеп өріп алған, аппақ шілтерлі, әдемі көйлек киген қыз тұр. Өзі сондай аппақ, маған күлімдей қарайды. Мен қатты қорықтым да, ертеңіне үйге қайтып кеттім. Үйге келген соң бәрін анама айтып бердім. Анам қатты таң қалып: «Менің әпкемді көріпсің ғой, ол жас кезінде қайтыс болып кеткен», – деді.  Кейін бұл оқиға ұмытылып кетті.

Бірде анам мені би кешіне жібермей қойды. Оған қатты ренжіген мен бұлқан-талқан ашуланып, анама сөйлемей қойдым. Кешкі асты да ішпестен бөлмеме барып, жатып қалдым. Біраз уақыттан соң төсегімді біреу сілкілеп, мені кәдімгідей шайқатып ала жөнелді. Қорыққанымнан айқайлап жібердім. Өйткені бөлмеде менен басқа ешкім жоқ еді. Орнымнан атып тұрып, сыртқа қарай қашпақшы едім, терезенің алдында бойы өте ұзын, арықша келген адам бейнесін көріп, қалшиып тұрып қалдым. Осы кезде менің даусымды естіп анам мен ағам келді. Олар мені әзер жұбатып алды.

Осы оқиғадан кейін қатты қуанған және ашуланған сәттерде ұйықтамай-ақ түрлі адам бейнелерін көретін болдым. Ал кейде ұйықтап жатқанымда әлдебіреу түртіп оятады.

Қазір менің жасым 25-те. Үйреніп кеткендіктен бе, мұндай оқиғалардан онша қорқа бермеймін. Дегенмен алдымда не күтіп тұрғанын алдын-ала түсімде аян арқылы біліп отырамын. Көрген түстерім айна-қатесіз орындалып жатады. Ал мені ренжіткен адамға әйтеуір бір жағдай болады. Сондықтан ашуланбауға, ешкімге ренжімеуге тырысамын.

Мұны жазып отырған себебім, мен көріпкел емеспін. Дегенмен кейбір құрбыларым алдында не күтіп тұрғанын сұрап алады да, кейін оның тура келгенін айтып жатады. Үйдегілердің бірі ауыратынын да алдын-ала біліп отырамын. Бұл қасиет пе, әлде адасу ма, соны біле алмай жүрмін. Кейбіреу «Бойыңда қасиет бар, соны ұстауың керек», – деп ақыл айтады. Ал мен не істеу керектігін білмеймін».

Жамбыл облысында тұратын Ләззаттың басынан өткен жайды біз жауапсыз қалдыра алмадық. Ләззатты мазалайтын қандай бейне? Мұндай жағдайда не істеу керек?

«Мұндай тылсымның бары рас. Тіл-көз тию, мысалы, соның белгісі. Көрген түсінің, айтқанының орындалуы да сондай тылсымның бірі. Тіпті кейбір адамдарда көріпкелдік, басқа да қасиеттер кездесіп жатады. Мұны шайтанның араласуы деп түсіну керек. Ал хат иесінде көңілге алып, алаңдайтын ештеңе жоқ. Өзін әрдайым сабырлы ұстап, әрбір сөзін ойлана сөйлесе болғаны. Сосын мешітке барып, имам-молдаларға дем салдыртып жіберсе жеткілікті», – дейді Шымкенттегі Орталық мешіттегі молда Алтынбек Жолдасбек.

Алматы қаласында тұратын белгілі психолог, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі Ғалихан Ыдырысов (суретте) та мұның қалыпты жай екенін айтады. «Кез келген адамның санасы ғарыштық тылсым құбылыстармен байланысты жұмыс істейді. Мысалы, кенеттен қабылданған ұтқыр шешім, керемет идея адамға қалай қонды деп ойлайсыздар? Бұл бізге жоғарыдан берілген «сыйлық». Ләззат оны өзгелерден тере­ңірек сезінеді. Бар болғаны осы. Психология мен биологияға қызығушылық танытып, ізденсе көптеген сұрақтарына жауап табатыны анық. Татьяна Черниговскаяның лекцияларын, Карл Юнгтың жазбаларын оқуға кеңес беремін. Осының ар­қасында ол өзін, бойындағы құбылыстың сырын ұғып, түсіне алады. Тіпті оны игі істерінде кәдеге асыруы да ғажап емес. Ренжіген адамының сәтсіздікке ұшырауы Ләзатты сабырлы болуға, ашуын тізгіндеп, ойлана сөйлеуге үйретеді. Бұл жақсы емес пе? Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ. Ал көзге көрінген бейне бала кездегі қиял ұшқыны ғана», – дейді психолог.

Сосын халқымызда «Жақсы түске де, жаман түске де  садақа беру керек» деген сөз бар. Түсін әрдайым жақсылыққа жорып, мешітке садақа тастай жүруге кеңес берер едім, – дейді.

Біздің бұл жауаптарға алып-қосарымыз жоқ. Ләззат та, басынан осыған ұқсас оқиға өтіп жатқан өзге оқырмандар да бұдан өзіне керегін алады деген ойдамыз.

Жіберіп алмаңыз:

Маңғыстау облысында 13 жастағы қыз өгей әкесінен жүкті болып қалды

Ақтөбелік мұғалімдер жағдайы нашар отбасыларға тегін киім таратып жатыр

Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиев орыс тілінде ән айтты (видео)

Австралиялық әйел 10 күн ішінде екі мәрте екіқабат болған

Талқылау