Қыз баламен аймаласқан вайнер Нагимуша жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Танымал вайнер Нагимуша отандық әртістің бейнеклипіне түсіп, ашық сахнада бой көрсетті. Онда блогер қыз баламен аймаласқан, деп жазады Stan.kz.
Нагимуша бейнеклиптен үзінді жариялап, өзін актриса ретінде барынша көрсеткісі келгенін мәлімдеді.
“Туыстарым, ата-анам мен достарым мені оқиды, олардың мұны қалай қабылдайтынын білмедім. Бірақ мұнда тұрған ештеңе жоқ деп шештім. Мен – актермін, артиспін.
Түсірілім алаңына келгенде ашық сахнаға түсетінімді ескертті. Дайынсың ба деп сұрады. Мен дайын болмадым. Бірақ осы рөлге кіре алмасам, алға қарай жылжи аламын ба деген сұрақ мазалады. Тек бір образдағы актер болып қалғым келе ме? Өзімнің комплекстеріме, қорқынышыма, қоғамның даттауына қарсы тұруға дайынмын ба? Жоқ, қорықпаймын деп шештім. Жақсы актриса болғым келетінін, ешқандай сахнадан, рөлден қорықпайтынымды бүкіл әлемге жар салып айтқым келеді”, – дейді Нагимуша ағынан жарылып.
Вайнер оқырмандарын ешкімнен қорықпауға әрі ұялмауға шақырды.
“Алдарыңыздан жаңа әлем ашылып, сіз одан сайын мықты бола түсесіз”, – деп түйіндеді сөзін Нағима.
“Ашықтан ашық жезөкшелікке шақыратын туынды, бабаларымыз күресіп келген барлық тыйымдардан бас тарту деп аталады бұл”, – дейді оқырмандардың бірі.
“Жақсы актриса болу үшін міндетті түрде осындай рөлде ойнау керек пе? Неге қара пиар? Неге адал жолмен дәлелдеуге болмайды? Өзіңізге ұнаса жарайды”, – деп пікір білдірді тағы бір желі қолданушысы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.