Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құйып қойғандай болды": Меруерт Түсіпбаева әріптесі Роза Рымбаеваға сыйлық жасады

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаева әріптесі, халық әртісі Роза Рымбаеваға шетелден алып келген сыйлығын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Өнер иесі жақында Гонконгқа саяхаттап келген еді. 

“Мен Гонконгтан Chanel брендінен арнайы сыйлық алып келдім. Роза Қуанышқызына арнап алдым. “Шашылма қыз-ау” деп ұрсады. Бірақ мен бақыттымын, осындай адаммен бір ғасырда өмір сүріп жатқаныма. Осы кісіге не алсам екен деп ұзақ ойладым. Алған затым құйып қойғандай жарасады және ұнайды деп сенемін. Айтқаным дәл келді. Тура өзіне арнап тігілгендей екен”, – деп костюм сыйлады өнер иесі. 



Халық әртісі де қуанып, су жаңа костюмді үстіне киіп алды. 

“Мен үнемі маған бола шашылма деп айтып жүремін. Бүгін тағы да бірдеңе сыйламақ. Мені қайтесің, өзіңді ойла. Ұлыңды ойла. Соның болашағына сал бүкіл ақшаңды. Екеуіңе жетсе болды” деп айтамын. Мына костюм мен ұнататын түстен тігіліпті. Көп рақмет”, – деп қуанышын жасыра алмады Роза Рымбаева. 

Еске салайық, "Толық адамдарды жек көремін"деген Меруерт Түсіпбаеваның дене бітімге қатысты пікірі жұртқа жақпай қалған еді. 

 

Талқылау