Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық жігіт сүйіктісіне 25 iPhone X көмегімен ұсыныс жасады (фото)

Қытайдың Шэнчжэнь қаласында тұрып жатқан дизайнер Чэнь Мин өзінің сүйіктісіне ерекше әдіспен ұсыныс жасауды жөн көрген екен. Ол осы ерекше ойын жүзеге асыру үшін 25 дана iPhone X смартфонын сатып алған.

Бұл туралы odditycentral.com басылымы жазды.

Жаңа шыққан смартфондарды 3 қараша күні алдын ала арнайы тапсырыспен алдырған екен. Артынша еденге раушан гүлдерін сеуіп, аталған смартфондардан жүрек жасаған. Ал тура ортасына неке жүзігін қойған. Мұнымен қатар, сүйіктісі оның бұл тосын сыйы туралы алдын ала біліп қоймауы үшін достарының көмегіне жүгінген. Қызды аталған жерге өзі емес, ортақ достары ертіп әкелген екен. Тосын сыйды көрген бойжеткен көзіне жас алған.

Чень мен оның сүйіктісі видео ойындарды ерекше ұнатады екен. Тіпті, екеуі осыдан екі жыл бұрын видео ойындар ойнайтын жерде танысқан. Ал смартфон саны қыздың жасына сай таңдалған. Кейін аталған смартфондарды олар достарына таратып жіберген екен.


Жіберіп алмаңыз:

Адамзатты болашақта қандай өзгерістер күтіп тұр

56 жастағы әйел алғаш рет ана атанып егіз сәбиді өмірге әкелді

33 жастағы әйел салмағы ең үлкен егіздерді дүниеге әкелді

Мәңгілік бірге: Бақытты ғұмыр кешкен сиам егіздері (фото)

Талқылау