Қытайлық жанкүйерлер құмның бетіне Димаштың суретін бейнеледі (видео)
“I am a Singer” жобасына қатысқалы бері Димаш Құдайбергеновтің атағы аспанға шарықтап кетті. Оның есімін бүгінде шетелдіктер жақсы біледі. Әсіресе, Қытай халқының Димашқа деген ықыласы ерекше.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қытайлық жанкүйерлер құмның бетіне Димаштың кескінін бейнеледі. Оның видеосын желіге жүктеген Димаштың анасы Светлана Айтбаева қытайлық жанкүйерлерге ризашылығын білдірді.
Бұған дейін, Аспан асты елінде Димаштың суреттері бейнеленген заттардың нарықты “жаулап” алғанын жазған едік. Одан бөлек, қытайлық қыздар Димашқа қазақ тілінде романтикалық хаттар жаза бастаған.
Еске сала кетсек, өткен сенбіде Хунань телеарнасының эфирінен «I am a singer» байқауының 3-кезеңі көрсетілді. Онда Димаш Құдайберген Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орын алды. Байқау 14 кезеңнен тұрады. Әзірге, Димаш жалпы есепте бірінші орында тұр.
Жіберіп алмаңыз:
“I am singer” жобасындағы Димаштың қарсыластары кім?
Димаш пен оның досы жұртты Бағым Мұхитденованы қараламауға шақырды
Лара Фабиан Димашты кездесуге шақырды
Әжесі: Өнер көрсету кезінде Димашқа қалтасындағы тұз бен түйреуіш көмектесті