Қытайлық шошқаларының еті дәмді болуы үшін оларды биік мұнарадан секіртіп үйретуде
Қытай фермері шошқаларының денсаулығын нығайтып, олардан дәмді ет алу үшін оларды мұнарадан секіртуді үйреткен.
Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.
Хунань провинциясында тұратын Хуан Дэмин төрт жылдан бері шошқаларын спортпен айналысуға мәжбүрлеп келеді. Ол әр күн сайын жақын маңдағы тоғанға апарып, үш метрлік мұнарадан секіртеді. Жануарлар мұнарадан суға секіріп, сосын су қоймасын айналып бірнеше айналым жүгіреді.
Фермер мұндай жаттығулар шошқалардың иммундік жүйесін дамытады деп есептейді. Сонымен қатар, биіктіктен секіріп, суда жүзгеннен тәбеттері де ашылады екен. Нәтижесінде олар көп тамақ жеп, тез өседі екен. Дэминнің пікірінше, “спортшы” шошқалардың еті дәмді болатын көрінеді.
Оқи отырыңыз:
Израиль парламентінде күтпеген жағдай орын алып, азан шақырылды (видео)
Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты
Қазақстанда терактілердің алдын алуға көмектескені үшін ақы төленетін болды