Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық әйел несие төлемеу үшін өзіне пластикалық ота жасатқан

Қытайдағы Хубэй аймағының тұрғыны 3,7 миллион доллар көлеміндегі несиесін төлемеу үшін өзіне пластикалық ота жасатып алған.

20141220plastic-ss-slide-8h3a-jumbo-1461215461272

Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлайды.

Ухань қаласының сотының шешімінен кейін 59 жастағы Чжу Нацзюань бетіне пластикалық ота жасатып, жасырынып қалған. Агенттіктің хабарлауынша, ол шілде айында қаланың оңтүстігіне бет алып бара жатқан жерінен ұсталған.

Оны тұтқындамақ болған полиция қызметкерлері жүзін көріп қатты таңқалған. Айтуыларынша, тұтқындамақ болған әйел 20-30 жасқа жасарып алғандай. Соңғы уақытта Ухань қаласының билігі несие төлеуден қашатындармен қарқынды түрде күрес жүргізіліп келеді. Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында 186 адам несие төлемей қашқан.


Жіберіп алмаңыз:

Азамат ағаш түбінде ұмыт қалған алтындар мен ақшаны иесіне қайтарған

Қала мэрі футбол үшін бәс тіккен

Ұры өз қылмысын жасыру үшін 9 бірдей бриллиантты жұтып қойған

Әйелі қайтыс болған полицейдің ұрығын сақтап үш жылдан соң қыз босанды

Талқылау