Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайға баратын кез-келген шетелдік саусақ таңбасын тапсыруға міндеттелді

Қытайға сапар шегетін шетелдіктер енді шекарадан кіреберісте саусақ таңбасын қалдыруға міндетті.

11111

Бұл туралы Ecns.cn порталы хабарлайды.

Жаңа ережені Мемлекеттік кеңес бекіткеннен кейін қоғамдық қауіпсіздік министрлігі қабылдаған.

Өзге елдерден Қытайға келетін 14-70 жас аралығындағы барлық азамат бұл талапты орындауы тиіс. Тек дипломатиялық төлқұжатпен келушілер, ресми делегация мүшелері, мемлекеттік қызметкерлер ғана бұл ережеге бағынбайды. Сондай-ақ, қос тараптың келісімі жағдайындағы ерекше кездесулерде де бұл ереже алынып тастауы мүмкін.

Саусақ таңбасын қабылдайтын алғашқы бекет Шэньчжэнь қаласындағы әуежайда 10 ақпан күні ашылады. Ал сосын аталмыш шара ел аумағындағы барлық орындарға енгізіледі.

Бұған дейін Австралия билігінің әуежайда төлқұжат тексеру шарасын алып тастау туралы бастама көтергені бар еді. Олар адамның тұлғасын анықтайтын жоғары технологиялы жүйе енгізбекші.

Оқи отырыңыз:

29 жастағы келіншек ең жас батыр ана атанды

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Порно фильмге түскені үшін жұмыстан қуылған мұғалім әйелдер құқығын қорғап арызданды

Әйел өз қызының 13 жасар жігітін зорлап тастады

Талқылау