Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 19-ға жетті

Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Сычуань провинциясының билігі жер сілкінісінен қаза болған 10 адамның кім екенін анықтады. Жалпы табиғи апаттан көз жұмғандар саны 19-ға жеткен.

20170809181510

Бұл туралы Sina ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

Есімі белгілі болғандардың түгелі ҚХР азаматтары болып шықты. Дерек бойынша, 8 азамат Қытайдың өзге аймағынан келген турист болса, екеуі жергілікті тұрғын. Ал қалған 9 азаматта өздерімен бірге ешқандай құжат болмаған.

Зардап шеккен 247 адамның ішінде бір Франция азаматы, бір Канада азаматшасы болған.

Айта кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да жер сілкінісі тіркелген. Оның қуаты 6,5 балл болды. Алматыда сезілген жер сілкінісінің қуаттылығы төрт балға тең.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адам ағасының қолын сөмкеге салып алып жүрген

Дәрігер жүкті медбикенің ішінен аяғымен теуіп, сабап тастады (видео)

Сауд Арабиясының 26 жастағы ханзадасы қайтыс болды

Элвис Пресли тұрған үй жалға берілетін болды

Талқылау