Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда туыстары қамалған қазақтардың арызы жиіледі

Алматыға Қытайдан қоныс аударған қазақтар бірінің баласы, екіншісінің әкесі Шыңжаңға қыдырып барғанда ұсталып, сотталғандарын айтады. Туыстары оларға анық не айып тағылғанын да біле алмай отыр.

DC338BAA-B8C2-4607-AB3B-418BB33338E7_w650_r1_s

Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.

Алматы қаласында тұратын Сапила Тақашқызы 2002 жылы Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған. 2004 жылы Қазақстан азаматтығын алған Сапиланың үлкен ұлы Жеңісхан Бағдал әлі Қытай азаматы екен. Жетпіске келіп қалған қарияның айтуынша, тұңғыштары Жеңісхан 2017 жылдың ақпан айында Қазақстанда тұрақты тұру үшін “ықтияр хат” алған. Алайда келіншегі мен баласы Қытайда тұратындықтан соларға барып келу үшін Үрімжіге сапар шеккен.

“Қазір ол (Жеңісхан Бағдал – ред.) Үрімжі қаласына таяу орналасқан Шисан деген жерде қамауда отыр. Мамыр айының 2-сі күні қамауға алынған”, – дейді Сапила Тақашқызы.

Анасының айтуынша, Жеңісхан 1972 жылы дүниеге келген, ал жеке бас құжатында “1968 жыл болып қате түсіп кеткен”.

“Естуімізше құжаттарынан қате шыққан дейді. Келінге (телефонмен) хабарлассақ, “Партия анық, партия адал, біздің партия кемелденген партия” деп сөйлейді, нақты ақпарат беруден қорқады. Балам телевизордан дыбыс беретін (дубляж жасаушы – ред). Жергілікті телеарналардың біріндегі ұйғыр сериалына дыбыс беріп жүрген жерінен алып кетіпті”, – дейді Сапила апа.

Бірнеше ай бойы ұлының қамауда не халде отырғанын біле алмаған анасы Қытайдағы келінінің адвокат жалдағанын, бірақ оның да Жеңісханмен жүздесе алмағанын айтады. Сапила Тақашқызы Қазақстан билігінен бір қайыр бола ма деген үмітте. Оның Жеңісханнан кейінгі екі ұлы мен бір қызы Қазақстан азаматтығын алған.

ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, кейбір қытайлық этникалық қазақтар Қазақстанда ықтияр хат алғанымен Қытай азаматы болып қала береді. Ал сыртқы істер министрлігі тек Қазақстан азаматтарының құқығын қорғайды.

Бұған дейін Қытайдан келген оралман қазақтың жазықсыз сотталып кеткен әкесіне араша сұрап, елбасыға үндеу жолдағанын жариялаған едік.

Оқи отырыңыз:

Елімізде мемлекеттік қызметкерлер қай күні спорттық киім кие алады?

Ұлымен бірге подъездегі қоларбаны ұрлап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Кімге күлдік, Николас Кейджге ме, әлде қазаққа ма?

ІІД: Алматыда ұсталған элиталық жезөкшелер ЖОО студенттері болып шықты

Талқылау