Қытайда тұрып жатқан “өзге планеталық бала” елді таң қалдырды (видео)
Қытайдың Дахуа қаласында, бәлкім, адамзаттағы бірде-бір жан баласына ұқсамайтын тұңғыш нәсілдің өкілі өмір сүріп жатыр.
Бұл туралы www.muslim.kz хабарлайды.
Нонг Юсуи есімді баланың азиялық нәсілді болғанына қарамастан көзінің көкшілдігі, тіпті, ең көзі көк деп саналатын скандинавтықтардың өзінде кездеспейтінін айта кету керек. Оның жанары мысықтыкіндей жалтылдап тұрады. Бұл оның жалғыз ерекшілігі емес екенін де айта кеткен ләзім. Ол тас қараңғыдан жақсы көре алады. Бұл құпияны алдымен ата-анасы, сосын мұғалімі бөлісті. Ғаламтор арқылы. Бейжіңдік тілші сенбестік танытып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Мамандарды қайран қалдырғаны: оны тас қараңғы бөлмеде қалдырып, тәжірибе жасаған. Ол қараңғы жерде де әріпті ажыратып, оқи алатын болып шықты. Көз жеткізгендей, оның жанары қараңғыда көруге мүмкіндік беретін ерекше жасуша қабатына ие болып шыққан. Мұндай жасушалар мысықта, итте, жанатта, өрмекшіде, т.б. тіршілік иелерінде кездеседі. Ол дүниеге келгенде анасының назарын ең алдымен шарананың көзі өзіне аудартқан.
Дәрігерлер де уақыт келе бұл ерекшелік өзінен-өзі кетіп қалады деп сендірген екен. Десе де, дәрігерлердің айтқаны келмеді.
Айта кетейік, Юсуи күннің жарық сәулесін жақтыра бермейді, алакөлеңке жерді ұнатады. Жерлестері оны осы қасиетіне орай «жұлдызды бала», «өзге планетадан келген бала», «гибрид» деп атап кеткен.
Жіберіп алмаңыз:
Зерттеушілер Марста жат планеталықтардың өмір сүргенін дәлелдейтін айғақты тапты
Арқалық тұрғыны өз көзімен көрген өзге планеталық жайлы оқиғаны баяндап берді
Уфологтар ШҚО-дағы Сібе көліне өзге планеталықтардың жиі келетінін айтады
Астрономдар жат планеталықтардың өз планеталарын қалай жасыратынын түсіндірді