Қытайда құзар-шыңда кез-келген адамның жүрегі дауаламайтын шыны көпір салынды (фото)
Қытайдың оңтүстігінде тау бөктерінің шыңырау биігіне салынған шыны көпір ашылды. Бұл ерекше көпірге тек батылдық танытқан санаулы адамдар ғана шыға алса керек.
Тяньмэнь тауының жотасына салынған “Иіріліген айдаһар” деген атауға ие бұл көпір алғашқы келушілерін 1 тамыздан бастап қабылдауда.
Шыны көпірдің ұзындығы – 100 метр, ені – бір жарым метрдей.
Көпірге шыққан туристер ұшы-қиыры жоқ түпсіз тұңғиықты өз көздерімен көріп, тамашалай алады.
Бұл жерде адамның ержүректігі де үлкен рөл ойнайтындығы сөзсіз.
Көпір жерден 1500 метр биіктікте орналасқан. Бұл тауға салынып отырған осымен үшінші көпір.
Бұл таулы аймақ өзінің қайталанбас тұмса табиғатының арқасында туристер арасында ерекше танымал.
Суреттерден, шыны көпірдің үстіне шыққан алғашқы туристердің аяқтарын қалай аңдап басып, қабырғадан ұстап жүріп келе жатқандары байқалады.
Көбісі тіпті төменге қарамай жүріп өтуге тырысқан.
Таудағы алғашқы шыны көпір Чжанцзяцз ұлттық орман саябағындағы тауда 2011 жылдың қараша айында ашылған.
Ал екіншісі осы жылдың мамыр айынан бастап туристерге қызмет көрсетуде.
Қазір шыны көпірлер – Қытайда нағыз сәнге айналған.
Жергілікті билік осындай ерекше құрылыстар салу арқылы туристерді көптеп тартуды көздеп отыр.