Қытайда кейуана ұрланған қыздарымен 28 жылдан соң кездесті (фото)
72 жастағы кейуана өзінің перзенттерімен арада 28 жыл өткен соң кездесті. Қыздардың бірі 18, екіншісі 13 жаста болған кезде оларды туысқандары ұрлап әкеткен. Артынша бейтаныс отбасыға сатқан.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
“Мен ешуақытта сендерді енді қайтып көремін” деп ойлаған емеспін дейді Чэнь Цзясян. Бүгінде 47 жасқа толған Хуан Жуйсю өздерін 1988 жылы немере ағаларының ұрлап кеткенін айтты. Анасы қыздарымен Шэньси аймағының Анькана қаласында кездесті. Олардың кездесуін қоғамдық құқық қорғау бюросы мен “Sanqin, үйге келеді” атты адам саудасына қарсы ұйым ұйымдастырды.
Ұрланғанға дейін екі бойжеткен 5 жыл Хубэй аймағында тұрған. 1983 жылы Хуан Жуйсю Хубэйде тұратын азаматқа тұрмысқа шығады. Өзімен бірге сіңлісін де ала кетеді. Артынша аналары да осы аймаққа келеді. Арада екі жыл өткен соң олар басқа қалаға көшуге мәжбүр болады.
Хуан Жуйсюдың айтуынша, оларды 1988 жылы ұрлаған. Бейтаныс адамдар оларды Суйчжоудың қолынан алған. “Ол уақытта сіңілім 14 жасқа да толмаған болатын. Адам ұрлаушылар бізді бірінші Кайфынге алып келді. Кейін екеуімізді екі бөлек отбасына жіберді. Бейтаныс отбасы сіңілім үшін 3 000 сом төлеген екен. Осыдан кейін оны мүлдем көрмедім”, – дейді Хуан Жуйсю.
Осы оқиғадан кейін Хуан Жуйсюдың есімі Ли Фенгию, ал Хуан Жуйсянның есімі Хуан Шунсян деп өзгертілді. Еріктілердің арқасында Хуан Жуйсю 2015 жылдың жаз айында өзінің анасын іздеп табады. Кейін анасынан әкесінің қайтыс болғанын естіп, өзінің жасы кіші сіңлісін іздеуге кіріседі.
Полиция қызметкерлері 1980 жылдардағы облыстық архивтерді қарайды. Мұнымен қатар, олар 60-қа жуық ауыл тұрғынының үйіне барады. Нәтижесінде шенеуніктер Кайфын аймағында тұратын Хуан Шунсян есімді әйелді табады. Бәлкім осы әйел Хуан Жуйсян болар деген оймен ДНҚ тестін жүргізеді. Осылайша оларды әпкелі-сіңлі екені расталады. 42 жастағы Хуан Жуйсян бүгінде екі баланың анасы. Жуырда әже болуға дайындалып жүр екен.
Жіберіп алмаңыз:
Таңғаларлық жағдай: Егіздердің дене түсі екі түрлі болып туды (фото)
Жалаңаштаған модель Лондон көшелерімен жүріп өтті (фото)
Әйелі екіқабат кезде күйеуі оның құрбысымен төсектес болған
Ресейде порно фильмге түскен мұғалім дау-дамайдың ортасында қалды
Жыныс мүшесі 45 сантиметр болатын мексикалық сексуалды өмірі туралы айтты