Қытайда кейуана пұт құдайы деп ойлаған қуыршаққа сыйынды
Қытайдағы компьютер клубының сыртына орнатылған бейнебақылау камерасы қызықты сәтті түсіріп алған. Егде жастағы әйел қазіргі заман кумирін өздерінің пұт құдайымен шатыстырып, League of Legends компьютер ойынындағы қаһарман мүсінінің алдында жүгінген.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Кейуана «қуыршақтың» алдында шырақ тұтатып, дұға оқып, одан кейін өз жолымен кете берген. Жергілікті тілшілердің айтуынша, қытайлық әйел Гарена есімді қаһарманды Үшпатшалық дәуірдің әскери қолбасшысы Гуань Үймен шатыстыруы мүмкін.
Талқылау

Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де "қызыл" аймақта
Жаңа маусым алдында 9 станция "қызылдан сарыға", 3 станция "сарыдан жасыл деңгейге" өткен

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
Киностудия биыл толықметражды "Алтын адам" анимациялық фильмі аяқталғанын атап өтті