Қытайда ерлі-зайыптылар үйленгеннен 80 жыл өткеннен соң фотосессия жасады
Сун Цинлинь және Сун Лиши есімді қытайлық ерлі-зайыптылар үйленгеннен 80 жыл өткеннен кейін фотосессия жасады.

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
102 жастағы Сун Цинлинь мен оның 99 жастағы әйелі Аньхой провинциясында тұрады. Олардың алты баласы, бес немересі және төрт шөбересі бар. Ерлі-зайыптылардың айтуынша, олардың үйлену рәсімі 1936 жылы қарапайым түрде өткен.

Банкетте тағамы бар үш тарелке ғана болған. Сондықтан 23 шілде күні олар үйлену тойларының 80 жылдығын атап өтіп, фотосессия жасады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан