Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды

Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан XIII кезекті жазғы жалпы қытайлық спартакиадасының бокстан барлық салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекесі өз мәресіне жетті.

20170815185608

Ерлер арасындағы 75 кг салмақта Хубэй провинциясының спортшысы Вэн Инхаң және Шыңжаң автономиялық өлкесінің боксшысы, ұлты қазақ Тоқтарбек Таңлатханұлы қолғап түйістірді, деп хабарлайды 24 арна.

Ақтық бәсекені Қытайдың орталық телеарнасы CCTV-5 спорттық каналы тікелей эфирде көрсетті. 5 раундқа созылған жекпе-жекте Тоқтарбек қарсыласына жойқын соққыларын дәл тигізіп, айқын басымдылық көрсеткендігін байқауға болады. Қытайлық коментаторлар Тоқтарбекті «айқын басымдылықпен жеңіске жетті», – деген қорытынды жасаған тұста төрешілер жеңісті 5:0 есебімен Вэн Инхаңға берді. Төрешінің ашық әділетсіздігіне қытайлық бокс жанкүйерлері өз наразылығын білдірді. Олардың басты ұстанымы – басқа ұлттардың спорттағы жетістігін қақпайламай, олардың Қытай боксының дамуына қосқан үлестерін бағалау керек екенін айтуда.

Ал шыңжаңдық жанкүйерлер бұл жайт Шыңжаң спортшылары үшін қалыпты жағдай екенін білдірді. Айта кетейік, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі ұйғыр, қазақ және басқа 13 ұлт мекен етіп отырған жер. Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Қанат Ислам осы өңірдің қазақтар шоғырланған Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келіп, жастайынан Шыңжаң бокс құрамасы сапында өнер көрсеткен. Бүл күнде Шыңжаң боксшылары Қытай атынан халықаралық бәсекелерде және Олимпиада ойындарында топ жарып келеді.

Тағы да оқыңыз:

Араб әмірлігінен келген туристер: Ыстықкөлге түсу – харам

Алматы облысында мүгедек азаматтың үйін танысы қарызы үшін кепілге қойып сатып жіберген

Қызылордада жедел жәрдем дәрігерлері жаралы адамды құтқара алмағаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Талқылау