Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Құрметсіздік танытты”: Әнұран шырқалғанда қолын қалтасына салып тұрған қазақстандық спортшы сынға қалды

Қол күресінен Өзбекстанда өткен әлем кубогы кезінде Қазақстанның атынан қатысқан спортшы София Аверьянова әнұран ойнап жатқан кезде қолын қалтасына салып тұрамын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Әнұран шырқалған сәтте спортшы бір қолын жүрегіне қойып, екінші қолын қалтасына салып тұрған. Ал оның жанында тұрған екінші спортшы тіпті қолын жүрегіне қоймаған. Мұны көрген желідегілер спортшыларды сөгіп тастады.

“Құрметсіздік танытып, қолын қалтасына салып тұр”, “Қазақстанға құрметің қайда?”, “Легионерлер сияқты, біздің әнұранымызға түкіріп қойыпты”, “Өз еліңнің әнұранын құрметтеу керек” – деп жарыса жазды желідегілер. 


Ескі әнұран шырқалды: Қазақстан Әлімханұлының жекпе-жегін ұйымдастырғандарға наразылық білдірді


Спортшы бұл қылығы үшін кешірім сұрап, әдейі істемегенін айтты.

“Мен әнұран кезіндегі әрекетім үшін кешірім сұраймын. Менің жаман ойым болған жоқ. Мен құрметсіздік көрсеткім келген жоқ. Мұқият болуым керек еді. Бұл құрметсіздіктің белгісі екенін білген жоқпын. Екінші спортшының қолын жүрегіне қоймағанына қатысты айтатын болсам, ол жарыс кезінде қолын жарақаттаған. Сол себепті физикалық тұрғыда қолын көтере алмайтын еді”, – деп түсіндірді спортшы.

Еске салсақ, Атырауда әнұранға құрметсіздік танытқан полиция қызметкері жазаға тартылғанын жазғанбыз.

@sofia_massage01 Кубок Мира Узбекистан🇰🇿🤝🏽🇺🇿#армрестлинг #казахстан🇰🇿 #узбекистан ♬ оригинальный звук - Sofia_massage
Талқылау