Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрылыс материалдарының 70%-ы Қазақстанда өндірілетіндіктен баспана бағасы көтерілмейді – Өнеркәсіп министрі

Құрылыс материалдарының 70%-ы Қазақстанда өндіріледі. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың сөзінше, доллар бағамы күшейгенімен, баспана бағасының көтерілмейтінінің бір себебі – осы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Қанат Шарлапаевтың сөзінше, мемлекет ең алдымен әлеуметтік тұрғын үй бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. 



“Біз бұл жерде "Наурыз" және "Отау" бағдарламалары, әкімдіктің нарықтан сатып алатын жалға берілетін тұрғын үй бағасы туралы айтып отырмыз. Бұл жерде, әрине, мемлекет бағаның жоғарғы шегін өте қатаң бақылайды. Өткен жылдан ешқандай өзгеріс күтпейміз. Өйткені елімізде үй салуға кететін құрылыс материалдарының шамамен 70%-ы – жергілікті өндіріс тауарлары. Олар: цемент, бетон, арматура”, – деді министр. 

Министр жеке тұрғын үй нарығында нарықтық тетіктер жұмыс істейтінін айтты. Дегенмен үкімет құрылыс материалдарын өз бетімен шығару бағаның өсуін шектейді деп есептейді.

"Біз нарықтық әсер Қазақстанда өндірілген материалдармен шектелуі мүмкін деп есептейміз. Тағы да айтамын, бұл нарық. Әрине ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Менің ойымша, нарықтың кейбір сегменттерінде өзгерістер болады. Бірақ бұл нарықтық экономика. Сатып алынатын тұрғын үйдің әрбір сегменті үшін өз сатып алушылары бар. Бұл жағдайда тікелей болжам жасау қиын шығар", – деді министр. 

Krisha.kz сауалнамасына сәйкес, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 14,25%-дан 15,25%-ға дейін арттыру шешіміне байланысты Қазақстанда ипотека арзандауы мүмкін. Кейбір банктер келесі жылы ипотекалық несие мөлшерлемесін қайта қарауы мүмкін екенін айтты.

Kn.kz порталына сұхбат берген сарапшылардың сөзінше, халық табысның баяу өсуі жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысты шектеп, тұрғын үй бағасының өсуіне жол бермейді.

Айта кетейік, бұған дейін енді елімізде кез келген адам баспана кезегіне тұра алатыны туралы жазған едік. 

Талқылау