Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның жаңа президенті Қазақстан мен Назарбаевқа деген көзқарасын білдірді

Қырғызстанның президенті болған Сооронбай Жээнбеков алдағы уақытта Қазақстанмен және Назарбаевпен қандай қатынаста болатынын айтты.

Сайлау қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Қырғызстан көшбасшысы «Әр елдің егемен екенін, бәрі бір бірін құрметтеуі тиіс екенін айтты. Сонда туындаған мәселелер өздігінен шешіледі» деді, деп жазады Kaktus.media.

Жээнбековтың айтуынша, ол жеке өзі Назарбаевқа құрметпен қарайды. Өйткені көрші мемлекеттер ағайынды елдер.

Қырғыз көшбасшысы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы даудың уақытша жағдай екенін тап өтті. Ол Қазақстанды «Құдай берген көрші» деп атады.

«Біз әр егемен елдің тәуелсіздігіне құрметпен қарауымыз керек. Солай ететін де боламыз», – Жээнбеков.

Тағы да оқыңыз:

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Желіде қазақ-қырғыз шекарасынан тараған видео бірнеше жыл бұрын түсірілген

Қырғызстан Қазақстанның гуманитарлық көмегінен бас тартты

Талқылау