Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

Қырғызстан Қарулы күштерінің бас штабының жаяу әскерлер подполковнигі Қазақстан шекарасынан өту кезінде ұсталды.

Бұл туралы “Вечерний Бишкек” хабарлайды.

Әскери қызметкер есірткі затымен ұсталғаны нақтыланды. Әскери қызметкерді ұстау шараларын қазақстандық шекарашылар жүзеге асырған. Кейбір мәліметтерге сәйкес қылмыстық іс Қордай аудандық сотында қарастырылады.

“Офицерлер тобы “Мызғымас бауырластық-2017” біріккен оқу жаттығуларына қатысуға келе жатқан. Офицер осы топтың құрамында болған. 15 қазан күні “Ақ Жол” бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК МШҚ қызметкерлері ұстады”, — деп хабарлайды сайт.

Бас штабтың баспасөз қызметі Қырғызстандық әскери қызметкердің ұсталғанын растады. Алайда мекеме оған себеп болған жағдайда нақтыламады. Бас штаб қазіргі уақытта тергей амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Таңға дейін қонақүйде бірге болды: “Хан Шатыр аруы-2017” байқауының қатысушысы дау болған видеоны түсіндірді

Pussycat Dolls тобының әншісі топтағы қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтты

Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты

Талқылау