Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанда 9 мамыр күні ардагерге бос конверт сыйлаған

Қырғызстандағы әлеуметтік желі қолданушылары 9 мамыр күні еңбек ардагері 85 жастағы Қапас Бокбаевқа бос конверттің сыйланғанын қызу талқылап жатыр.

1033308358

Фото: Аделя Бақытова, Александр Мазуркевич

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

Ардагердің келіні Махабат Тынаеваның айтуынша, мерекеге бір күн қалғанда ауылдық басқарманың қызметкерлері атаны мейрамға шақырған. Ол 9 мамыр күні еңбек ардагері куәлігін алып мерекеге ұлымен бірге кетеді. Шарада оған гвардиялық лентасы бар “Ешқашан ұмытпаймыз” деп жазылған конвертті табыстайды. Конвертті қалтасына салған ардагер оны үйіне келген соң бір-ақ ашқан.

“Ішінде ештеңе жоқ болып шықты. Ол қалай берді солай алып келгенін айтты. Оған ақша салмаса, тым құрығанда жақсы тілек жазып қоюға да болады ғой,” – дейді Тынаева.

1033306266

Қапас ата мереке күні соғыс жылдарында қалай еңбек еткенін еске алған. Келінінің сөзінше, бос конвертті көрген кезде ардагердің көзіне жас келген.

“Мәселе ақшада емес. Тек ауыл әкімдігінің ардагерлерге деген қарым-қатынасы ренжітеді. Оған ешкім ештеңе сыйлаған емес, сондықтанда бұл жолы ерекше толқыныс үстінде болған”, – деді әйел.

Алайда жергілікті биліктің айтуынша Бокбаев тыл еңбеккерлері қатарына жатпайды екен. Оның мәртебесі – еңбек ардагері. Ал мерекеге ол ауыл ақсақалы ретінде ғана шақырылыпты.

1033311422

“Еңбек ардагері мен тыл еңбеккері – екі бөлек ұғым. Қапас ата әлеуметтік даму басқармасының тізімінде болу керек еді, бірақ ол жерде аты-жөні жоқ. Фронттық үшбұрыш түріндегі конверттерді №3 мектептің оқушылары дайындаған. Бұл олардың бастамасы”, – деп түсіндірді ауыл басшысы Мирлан Қыдыкеев. Шенеунік ардагердің үйіне барып, жағдайды түсіндіретінін де айтты.

Оқи отырыңыз:

Өзінің мектептегі мұғаліміне үйленген 39 жастағы Франция президентінің басынан өткендері (фото)

Ең қарт альпинист Эверест шыңын бағындырмақ болған кезінде қайтыс болды

Сауд Арабиясының мемлекеттік телеарнасы Ангела Меркелдің шашын бұлдыратып тастады

Сауд Арабиясында Жаратқанға сенбейтінін айтқан атеист өлім жазасына кесілді

Талқылау