Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз тележүргізушісі жаңа жылдық кешке нацистің киімін киіп, басы дауға қалды

Желіде Қоғамдық Қырғыз телерадиокешенінің(ҚҚТК) жаңа жылдық кешіндегі сурет дау туғызды. Редакцияның бір мүшесі, тележүргізуші Қанат Абазбеков мерекеге нацистің образында келді.

Суретті ҚҚТК журналистері Facebook желісіне жүктеді. Кеште түскен сурттер дау туғыза бастаған сәттен желідегі суретті өшірді.

“Қырғыздар көңіл көтеруді біледі”, – Twitter қолданушысы Ingvar.

“Жақсы асаба, байқау да қызықты”, – деп жазған «Мракобор» Telegram-арнасы.

ҚҚТК бас директоры Илим Карыпбековтың айтуынша, “24.kg ” құр айқай шығарды. Абазбеков бұл киімді өз еркімен емес, қойылымда фашист рөлін сомдайтындықтан киді.

“Ол оны жақсы жағынан емес теріс жолмен ойнайды. Бұл да, фильмде фашистің рөлін ойнайтын актер сияқты”, -деді ҚҚТК басшысы.

Абазбеков Facebook желісінде түсініктеме берді. Ол сценарий бойынша, фашист әлемдегі бейбітшілікті бұзғаны үшін оқпен атылып кететінін айтты.

“Қойылымның басында мен денемдегі бинтті шешіп, жерге қоямын. Қойылымның мағынасы: “Жақсылық зұлымдықты жеңеді. Біз бейбітшілік үшін!”… ”. – дедйі Абазбеков.

Тағы оқыңыз: 

Әйелше киінген жігіт марқұм анасының атынан несие алмақшы болды

Ерекше ген: Италияда ауру атаулыны сезбейтін отбасы пайда болды

Мектепте босанған мұғалім баланы сөмкеге жасырамын деп өлтіріп алды

Америкалық ер адам жатын бөлмедегі әйелінің өлгені туралы 1 ай бойы білмей келген

 

 

 

 

 

 

 

 

Талқылау