Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құрбандыққа барады": Тұңғышбай Жаманқұлов қазақтың бір түндік актрисалары туралы

Тұңғышбай Жаманқұлов қазақтың бір түндік актрисалары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі актер осы уақытқа дейін бір адамның көңілін қалдырып, бір қыз баласына зиянын тигізіп көрмегенін айтады. Өзінің жеті қарындасы болғандықтан, оның әйел затына деген құрметі ерекше. Актер әрбір қазақ қызынан өзінің қарындастарын көретінін жеткізді.

"Мен ұятты емеспін. Менде жеті қарындас бар. Сондықтан осы жасқа келгенше не бозбала болып, не жігіт болып, не жынды болып бір қыздың көз жасына қалған емеспін. Қарындастарым есімде тұрады. Ол да біреудің қызы ғой. Бір тал шашын түсіруге қолым бармайды. Ойнап-күліп кетіп қалу - мігіттік, азаматтық емес", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов. 

"Өлгеннен кейін сүйегімді итке сүйреп таста": Тұңғышбай Жаманқұлов мерейтойын тойламағаны туралы >>>

Сонымен қатар, Тұңғышбай Жаманқұлов қазақ актрисаларының жаман әрекетке баратынын да жасырмады. Өнер жолында оңай жетістікке жету үшін, арын сататын талай қызды көрдім дейді ол. Алайда, олардың барлығы бірдей қалағанына қол жеткізбейтінін айтады актер.

"Өнерде қыз баланың жолы қиын. Қазір тіпті қиын. Қыздарымыз өнердің жолы ауыр екенін біліп, жарқ етіп шығудың амалын іздеп, құрбандыққа барады. Бір түндік, бір күндік құрбандыққа баратындары бар. Құрбандыққа барып, жеткендерін де, кейін ұмытылып, жете алмай қалғандарын да білемін", - дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Талқылау