Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбандық шалып, қажылыққа бару үшін несие алған қаншалықты дұрыс

Фото: Рexels.com

Алматы орталық мешітінің наиб-имамы Тимур Алиев шариғатта адамдарды несие алуға мәжбүрлейтнін талаптар жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Наиб-имам өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде құрбандыққа шалынатын мал немесе қажылық жасау үшін несие алудың дұрыс емес екенін айтты. Ол шариғатта адамдарды несие алуға мәжбүрлейтін талаптар жоқ екенін атап өтті.

"Алла Тағала адамның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді. Егер адамның жағдайы болмаса, ол үшін жауап бермейді және сөгіс алмайды. Бұл құрбан шалуға да, қажылыққа да қатысты", – деді наиб-имам.

Сондай-ақ ол қажылыққа қатысты негізгі қағиданы еске салды: егер адамның қажылыққа баруға денсаулығы мен материалдық жағдайы жететін болса, ол оған міндетті болады.

"Қазір кейбір азаматтар умраға немесе қажылыққа бару үшін қарызға кіріп, несие алады. Бұл дұрыс емес. Мұндай талап шариғатта жоқ және ол шариғатқа сай келмейді", – деп түсіндірді Тимур Алиев.

Бұған дейін Құрбан айттың алдында, Арапа күнін қалай өткізу керек екенін жазған едік.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 15:33
Талқылау