Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрбандарын 230 миллион теңгеге алдап кеткен қазақстандық шетелден экстрадицияланды (видео)

Бас прокуратура аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапқа тарту үшін Қырғызстаннан экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Әйел 2023 жылдың маусымында бір топ адамның алдын ала сөз байласуымен Алматыдағы банктердің біріне клиенттердің атынан олардың банк шоттарына тіркелген абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы хабарламалар жіберген. Осылайша олардың банк шоттарына қол жеткізген.

“Осыдан кейін күдікті қашықтан қол жеткізу арқылы 5 жәбірленушінің шотынан "дропперлердің" банктік шоттарына ақша аударып, олардың қаражатын иемденген. Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан жәбірленушілерге 230 миллион теңгеден астам шығын келтірілді”, – делінген хабарламада.



Биыл қаңтарда ол Бішкек әуежайында ұсталып, бас прокуратураның сұрауымен Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмысы үшін айыпталушының мүлкі тәркіленіп, ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұған дейін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық әйел Әзірбайжаннан отанына қайтарылған еді. 

Талқылау