Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қыран мен решка” бағдарламасының жүргізушісін түсірілім кезінде улы медуза шағып алды

“Қыран мен решка” бағдарламасының жүргізушісі Натали Неведрованы түсірілім кезінде улы медуза шағып алды.

Бұл туралы жобаның сайтында жазылды.

Оқыс оқиға Катардағы түсірілім кезінде болған. “Жұмақ пен тозақ қатар келген түсірілім болды. Түсірілім кезінде Наталиді улы медуза шағып алды. Қатты ауырсыну мен күйік салдарынан Катар ауруханаларының біріне шұғыл жеткізілді. Сол жерде дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген екен. Қазір Наталидің жағдайы жақсы. Ертең ауруханадан шығады деген үміттеміз”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, аталған бағдарлама жүргізушілері Астана қаласы туралы да түсірілім әзірлеген болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық жұлдыздар той әндерін үлкен сахнаға алып шығатын әріптестерін сынады

Баян Мақсатқызының экс қайын әпкесі: Бізді бар шындықты айтуға мәжбүрлемесін

Ділназ Ахмадиева: Ұйғыр деп бетіме басқан кезде реніштен жылап жібердім

Ташкентке сапарлаған Мақпал Жүнісова өзбек ағайындарды таңдай қақтырды (видео)

Талқылау