"Құны апельсиннен қымбат": Қазақстандықтар жас картоп бағасына таңданысын білдірді
Фото: Видеодан скрин
Қазақстандықтар Алматыда жаңадан қазылған картоп бағасының қымбаттауына байланысты әлеуметтік желіде наразылықтарын білдіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жақында әлеуметтік желіде бойжеткен қазақстандық супермаркеттердің бірінде жаңадан қазылған картоп бағасының қымбаттағанын айтып, видео жариялады. Оның айтуынша, жаңадан қазылған картоптың бір келісінің бағасы 1 300 теңгеге жуықтайды. Ол картоптың құнын помело мен грейпфрут сияқты жемістермен салыстырды.
"Картоп та Қазақстанда өспейтін жемістер сияқты экзотикалық болып шықты. Менде сұрақ туындап тұр: картоп бағасын неге сүйеніп бұлай көтерген. Таңғалып тұрмын", – деді бойжеткен.
Ресми мәліметке сәйкес, картоптың бағасы шыққан ел мен өнімнің ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Қазақстандық дүкендерде картоптың бірнеше түрі әртүрлі бағамен сатылып жатыр.
@keit_rova Цена картошки у нас превышает все ожидания За один кг молодого картофеля придется выложить 1.299 тенге, спасибо, пожалуйста Получается, что это тоже экзотика, как фрукты, которые у нас в Казахстане не растут. И тут у меня возникает огромный вопрос, с какой стати? Мой шок в шоке, я пошла копить на картошку #ценыалматы #almaty #видеоалматы #чтопроисходит #новостиалматы #продуктыалматы #кейтрова #простобугровы ♬ оригинальный звук - keit_rova
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының мәліметінше, сауда желілері көкөніс өнімдерінің ассортиментін кеңейтіп жатыр. Тек жергілікті емес, Пәкістан, Өзбекстан және басқа елдерден әкелінген картоптар да сатылады.
Мәселен, сауда желілерінің бірінің мәліметінше, әлеуметтік картоптың келісі 193 теңге болса, қазақстандық жаңадан қазылған картоп 1 299 теңгеден сатылып отыр. Пәкістаннан әкелген картоптың бағасы 349 теңге болса, қазақстандық өндірістің таңдаулы картоптары 399 теңгеден саудаланады.
"Сатып алушы картопты бюджеті мен қалауына қарай таңдай алады", – деді сауда желілерінің бірі.
Алматы қалалық Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемелерінің деңгейін де тұрақты қадағалап отырғанын айтты. Картоп бұл тізімге енгізілгендіктен, олардағы сауда үстемесі сатып алу бағасының 15 пайызынан аспауы керек.
Басқарма мәліметінше, форвардтық сатып алу және тікелей жеткізу тетіктері арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның тұрақты деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жарты жылға картопты үшінші елдерге экспорттауға тыйым салынғанын жаздық. Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы қазақстандық картоп экспортының көлемі 605 мың тонна болған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Қабылданған шаралар картоп бағасының алыпсатарлық жолмен өсуіне және нарық қатысушыларының мүмкін спекулятивті әрекеттерге жол бермеуге мүмкіндік береді.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
