"Құны – 6 миллион теңге": Фариза Төреәлінің туған күнінде алған сыйлық қызу талқыға түсті
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал блогер Фариза Төреәлі туған күнінде өзінде жоқ сыйлықты алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызына сіңлісі Дина Төреәлі Rolex сағатын сыйлады.
“Осындай жақындарым барына шүкір. Шынымен бар фокусым тек қонақ күтуде болып жүргенде тілек айтып осындай сыйларын туған күніме орай табыстағанда сезімдерімді ұстай алмай қалдым. Ата-анам, ағам-жеңгемнен өзім қалап жүрген сырғаны алдым. Ера мен Динок өзімде жоқ сағат сыйлады. Токиш құрбым сақина берді. Ештеңе күтпегенде, тосыннан келгенде ерекше сезім. Алғысым шексіз, мені жылаттыңдар!” – деп жазды блогер.
-
"Таңғы асты Парижден ішеміз": Фариза Төреәлі армандарының орындалуына қатысты жазба жариялады
-
"2 миллион теңге жұмсадық": Фариза Төреәлі Түркияда медициналық тексеруден өтті
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, бренд заттарды талқылап жатыр.
“Алла Тағала мықты денсаулық берсін, бар жақсылықты нәсіп етсін, ризық-несібеңді арттыра берсін, жаным сол! Бай қуатты, бақытты бол!”, “Rolex көліктен қымбат тұрады деп ойлаппын. 6 миллион теңге де аз ақша емес”, “Фаридың жылағаны өтірік болып қалды”, “Дарханға дым жоқ”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогер жақында қоныс той жасаған еді.

"Тырнағын жұлып, қолын сындырып, азаптап өлтірген": Алматыда терезеден құлап қаза тапқан 22 жастағы қыздың анасы әділдік сұрап отыр
