Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны – 5-6 миллион теңге": Төреғали Төреәлінің туған күніне қымбат сыйлықты қарындасы сыйлады

фариза төреәліФото: Видеодан скриншот

Танымал блогер Фариза Төреәлі ағасы Төреғалидың туңан күніне ерекше сыйлық берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 33 жасқа толған еді. 

“Аллам осы сыйластығымыздан айырмасын. Игілігіңізге, рахатыңызға, жақсы күндерде тағып жүріңіз. Сіз ең жақсыға лайықсыз! Туған күніне не сыйласақ дегенде осы сағат ойымнан кетпей жүрді. Сөйтсек, ағам да қалап жүрген екен. Қалай сезіп қоямын, иә. Дарханға да ойым ұнап, ниетімізге орай сатылымда бар болды. Бұйырған деген осы", – деп жазды Фарзиа Төреәлі.

Туған күн иесі де өмірінде бірінші рет Rolex сағатын тағып тұрғанын жасырмады. 

“Мен Rolex сағат тақтым ғой, ардақты ағайын. Шынымды айтайын ба? Бүгін енді туған күнім ғой. Туған күндегі "потолок" сыйлық  осы болды. Маған қатты ұнағаны.  Ең қатты ұнағаны осы сағат болды”, – деді Төреғали. 



Желі қолданушылары өте қымбат тұратын сыйлықты қызу талқыға салды. 

“Бір бөлмелі пәтердің құны екен”, “5-6 миллион теңге тұратын сыйлық сыйлау үшін қандай бай болуым керек”, “Оригинал еместерінің өзі 500 мың теңге тұрады екен”, “Қайран, шет пен шегі жоқ ақша”, “Төреғалидың неге беті ісіп кеткен, тағы бастаған ба?”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Төреғали Төреәлі ерекше диагнозы бар балаларға көмектесетінін жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 09:41
Талқылау