"Құны – 4 миллион теңге": Жахан Отарғалиев әйеліне мәһр сыйлады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал актер Жахан Отарғалиев әйеліне мәһр сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жақында үшінші рет шаңырақ көтерген еді.
“Достар, келіншегіме мәһр алуға келдім. Мәһрдің болғаны дұрыс сияқты. Қыз баласының жеке сыйлығы ғой. Не де болса, қалағанын алып бердім. Алтын сұраған еді”, – деп жазды актер.
-
"Үш рет кездесіп, үйленіп кеттім": Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
-
"Сұрағанымды берді": Жахан Отарғалиев екі қызы бар келіншекке үйленгенін растады
Желі қолданушылары өнер иесінің келіншегіне жасаған сыйлығын қызу талқылап жатыр.
“Әйелінің бетін көрсетпей ме?!”, “Мен де мәһр алуға келіп отырмын”, “Балжанға осындай сыйлық беріп пе еді?!”, “Ол балалы болмайтын болғасын айырылысып кетті”, “Жалғыз түйір сақина, 4 миллион теңге тұрады екен”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, актердің жақында су жаңа пәтер сатып алғанын жазған едік.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
