Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны – 3 миллион теңге": Фариза Төреәлі анасы мен енесіне алған сыйлығын көрсетті

Танымал блогер Фариза Төреәлі анасы мен енесін қалай қуантқанын айтып, сыйлықтарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі жан жарымен бірге идея ойластырып, қос анасын кешкі асқа шақырған. 

“Бүгін менің жүрегім ерекше елжіреп тұр. Себебі жан жарым екі анамызға да сыйлық жасады. Бірақ бұл жай ғана дүние емес, бұл – жүректен шыққан шынайы құрмет, алғыс пен махаббаттың көрінісі. Ана үшін баланың бір жылы сөзі де – ең үлкен сый. Бірақ ер азаматтың анасына жасаған құрметі – бүкіл шаңыраққа жайылатын береке. Себебі ана разы болса, Алла разы. Қазақта “Ер адамның анасына деген құрметі – әйеліне деген махаббатының айнасы” деген сөз бар. Бүгін осы сөздің мағынасын терең түсіндім. Сізге алғысым шексіз!”, – деп жазды блогер. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, блогердің берген сыйлығын қызу талқылап жатыр. 

“Осындай сыйлыққа лайық аналарымыз аман болсын”, “Бәрімізге аналарымызға 3 миллиондық сыйлық сыйлау жазсын”, “Дархандай күйеу бала бұйырсын”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, блогер 1 жасқа толған қызына бір бөлмелі пәтер сыйлаған еді. 

Талқылау