Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Құны 150 млн теңгелік Gelandewagen сұрады”: Жахан Отарғалиев үйленуге қатысты сұраққа жауап берді   

Жеке өмірі жиі ел талқысына түсетін актер, шоумен Жахан Отарғалиев жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасып кеткен соң бойжеткендермен танысып, кездесіп жүргенін айтты. Өнер иесі бір арумен көріскенде болған қызық жағдайды бөлісті. 

"Біреумен кездесіп жүрсің бе? Біреумен таныстың ба? Үйленейін деп жатырсың ба? Бұл маған өте жиі қойылатын сұрақтар. Иә, танысқанмын. Жақында кездескенбіз. Сөйлесу барысында "Мәһрге не сұрайсың?" дегенмін. Жаңа Gelandewagen сұрады. Құны 150 млн теңге. Не істеді деп ойлайсыңдар", – деп оқырмандарын ойландырып қойды актер. 



Еске салайық, актердің анасы баласы бар келіншекке үйленуге кеңес бергенін жазған едік. 

“Сен мені мұқият тыңдап ал. Мен сөз бастасам, ашуланып шығасың. Қаншама жылдан бері қиналып жүргеніңді білемін. Ешкімге айтқың келмейтінін, жан-жақтағы туыстарға білдіргің келмейтінін де білемін. Мен бәрін де түсінемін. Сен баласы бар келіншекке үйленші. Баланың еш кінәсі жоқ. Саған ол өз балаңдай болып кетеді. Бала деген еш уақытта саған масыл болмайды. Бала – деген бақыт. Баланың артынан бала ілеседі. Осы туралы ойланып көр. Сен айтпағанмен мен бәрін де жүрегіммен сеземін. Себебі мен – анамын", – деген еді актердің анасы.

Талқылау