Құны 100 млн доллар: Азиялық бизнесмен шымкенттіктерге Disneyland салып бермек
Непалдық миллиардер Шымкентте Disneyland сияқты саябақ және аквабақ салу үшін 100 миллион доллар жұмсамақ. Әзірге бұл жомарт жанның есімі жасырын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Объектіні салу үшін билік 100 гектар жер бөледі. Жоспарды толықтай жүзеге асыру үшін екі жыл қажет деп жоспарланып отыр. Ұн тағамдарын шығарумен айналысатын бизнесмен істің бүге-шүгесін ақылдасу үшін 13 шілде күні Қазақстанға ұшып келеді. Бұл сый туралы естіген кейбір шымкенттік сөйлеу қабілетінен айырылды.
«Біз жаңа аквабақ ашылады деп естіп жатырмыз. Сондай ризамыз. Бұл аквабақ қаланың ең көрікті жеріне айналайын деп тұр. Бұл жастарға арналған тағы бір орын болмақ», - деді қала тұрғыны.
Жергілікті билік алдағы үш жыл ішінде мегаполисті ТМД-ның мәдени орталығына айналдырмақ. Бұл үшін 1,3 трлн теңге қажет болады. Қаланы бизнесмендер ақшасына дамыту жоспарланып отыр.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды