Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында мектеп бітірушілер саябақта дүрбелең тудырды (видео)

Фото: Видеодан скрин

Атырау облыстық полиция департаменті 24 мамыр күні бір топ мектеп бітіруші қоғамдық тәртіпті бұзғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аzh.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, тәртіп бұзғандардың бесеуі "Нұрсая" саябағындағы аркаға шығып кеткен.

Барлық қатысушы полиция бөліміне жеткізілді. Жасөспірімдерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ал олардың ата-аналарына 127-бабы 1-бөлігіне сәйкес, "балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін" жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Айта кетейік, заңға сәйкес ата-аналарға 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (39 320 теңге) айыппұл төлеуіне тура келеді.


Алматы облысында мектеп түлектері мінген көліктер жолды жауып тастаған (видео)


Қазақстанда ауыл мектебін бітірген оқушы әлемнің 36 университетінен шақырту алды


Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 11-сынып оқушысы мектеп бітіру кешінде құрдасын өлтірді деп айыпталды. Облыстық полицияның мәліметінше, бала 11-сынып оқыған. Қаскелеңде түлектер мектеп бітіруін атап өтпек болып, кеш ұйымдастырған. Кеш үшін ата-аналары оларға коттедж жалдап берген.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 12:08
Талқылау