Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жасқа дейін көрсетпейміз: Қыдырәлі мен Қарақат қыздарының тұсаукесерін қалай өткізбек

Өткен жылы төрт ұлдан кейін қызды болған Қыдырәлі мен Қарақат жуырда дүйім жұртқа тағы бір мәрте қуанышты жаңалықты хабарлайтын болады. Бүгінде қызу дайындыққа кіріскен жұлдызды жұп кішкентай Аяланың тұсаукесер тойын қазақ өнері өкілдері мен ет-жақындарының ортасында дүркіретіп атап өтуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Stan.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатта, ханшайымды халыққа көрсетер уақыттың да қыр астында екенін айтты.

«Қызымыз сегіз айдан асты. Тәй-тәй басардың алдындағы еңбектеп өсіп келе жатыр. Көз қуаншымыз болып жүр, Аллаға шүкір! Алда енді тұсаукесер тойы бар. Сондай бір жақсы күндерді ойлап жүрміз. Жақсылықтың боларына сеніп жүрміз. Бір жасқа толғаннан кейін құдай қаласа қызымызды көпшілікке көрсетеміз. Әзірше бөпе ғой. Әкесі үш жасқа толғанда мүмкін көрсетеміз деп қалжыңдайды. Бірақ шыдамайды-ау! (күледі)», – дейді Қарақат.

Қыздарының жүзін жұрттан жасырған жұлдызды жұпқа желідегі оқырмандары бұрымдының кімге ұқсайтынын сұрап, жиі сауалдар жолдайды екен. Аяланың әке-шешесінің айтуынша, бүлдіршін Болмановтың анасынан аумайды екен.

«Мен нақты айтамын, құрметті оқырмандар! Қызым маған ұқсамайды. Қызым өзінің туған әжесінің аузынан түскендей. Яғни, Қыдырдың анасынан аумайды. Қатты ұқсайды. Жаны жәннәтта болсын. Енемді көрген жоқпын. Ерте дүниеден озды ғой. Үлкен кісілердің айтуына қарағанда ол кісі өте салмақты. Сабырлы, мейірімді сондай адам болған екен», – дейді Аяланың анасы.

Ал, ата-анасының сөзіне сенсек, кішкентай бөбектің мінезі Қарақат Әбілдинаға тартқан екен.

«Бірақ мінезі маған ұқсайды. Өйткені көп күледі, көп жадырайды. Ағаларының әрбір қараған, жақсы көрген іс-қимылына әдемі күлкісімен жауап беріп отырады. Соған қарағанда ашық мінезді болатын сияқты. Мен ашықпын ғой. Мен жүрген позитивпін. Ұлдарым айтады: «Біздің анашым жоқ болса үй сондай қараңғы, үй сондай көңілсіз. Анам бар кезде бірден сезіледі» – дейді. Өмір деген тамаша, жарқын-жарқын дауыстатып, барлығының көңілін көтеруге, көңілін табуға, қас-қабағын бағуға тырысамын», – дейді Әбілдина.

Айта кетейік, Қыдырәлі мен Қарақаттың кішкентай қызының Бекболат, Иманәлі, Нұрәлі және Айсұлтан есімді төрт ағасы бар. Бүгінде жұлдызды жанұяның тұңғышы мектеп қабырғасын тәмәмдауға дайындалап жүр.    

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қайраттың құпиясы: Айдарбекова ұлын таныту үшін қандай амал-айлаға баратынын айтты

Жұлдыздар тойға апаратын ақша, бағалы көйлектері мен гаухар тасты бұйымдары жайлы (видео)

Баян Алагөзова мен Ақбота Сейітмағамбет татуласты

ОҚО-ға үнді киножұлдызы Митхун Чакраборти келеді

 

 

 

 

 

 

Талқылау