Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-қа шолу: Қыдырәлі Қарақаттан тоқал алып беретіндігін жазуды өзі сұрағанын ашып айтты

Продюсер Қыдырәлі Болманов алғаш рет жұрттан жасырған құпиясын бөлісті. Ол Қарақаттан тоқал алып беретіндігін жазуды өзі сұраған екен. Алайда бұған отбасындағы келеңсіздіктер емес, барша қазақстандықтың тағдыры себепші болған-ды, – деп жазады “Время” басылымының журналисі Оксана Василенко.

авуыф

Фото: instagram.com/kydyrali_bolman/

Соңғы бірнеше айда жұрт Қарақат пен Қыдырәлінің жеке өмірін талқыға салды. Көпке үлгі болған отбасында тоқал туралы әңгіме бірінші рет көтерілді. Аталған тақырыптың көптің аузында жүруіне әншілердің өздері себепші болды. Бастапқыда Қарақат күйеуіне тоқал алып беретіндігі, кейін Қыдырәлінің бәйбішесі туралы шындық айтылды. Барлығының себебін Қыдырәлінің өзі ашып айтып берді.

“Қарақаттың маған тоқал алып беретіндігі – таза маркетингтік трюк болды. Оны мен амалсыздан ойлап таптым. Мұндай қадамға өмірімде бірінші рет бардым. Мен барымды бәйгеге тігіп, адамдардың назарын басқа арнаға аудармақ болдым. Бұл 19 мамыр кезі болатын. Мемлекетіміз қиын күндерді басынан кешіруге азақ-ақ қалған-ды”, – дейді Қыдырәлі.

Әнші бұл тақырыпта көтерулеріне Жер мәселесі себепші болғанын айтты. Яғни олар осылайша көтерілісті болдырмай қоюға тырысқан.

“Мен желтоқсан оқиғасына қатысқан адам ретінде жастардың алаңға шығуын үшінші тараптың пайдаланып кетуі мүмкін екенін түсіндім. Оларға бір бөтелке керосин лақтырса да жеткілікті… Шындығында, ситуация өте қорқынышты болды. Мен арнайы Алматыға ұшып келіп, әріптестеріммен, ағаларыммен, бауырларыммен ақылдастым. Осы уақытта адамдар маған “Не істейміз? Алаңға шығамыз ба? Жоқ па?” деген сауал қойды. Отаны үшін өмірін қиюға дайын адам ретінде мен бірнәрсе айтуым керек болды. Мен қатты қиналдым.

Шарасыздықтан отырып көзіме жас алғанымды Қарақат қана көрді. Мен Қарақатқа “Тоқал туралы жаз!” дедім. Ол басында түсінбей қалды. Артынша оған жағдайды түсіндіріп, көпшіліктің бізді үлгілі отбасы ретінде білетінін, біздің отбасымыздағы “келеңсіздіктер” көпке қызық болатыны туралы айттым. “Бастапқыда қиын болатыны сөзсіз. Бірақ біз шыдап бағамыз” дедім оған. Жастар көтеріліске шықпады. Әлеуметтік желіде барлығы тоқал тақырыбын талқылады. Солай емес пе?” – дейді продюсер.


Жіберіп алмаңыз:

Ділназ Ахмадиева опа-далапсыз түрімен бейнебаянға түсті

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Сәкен Майғазиевтің ұлы тыңдармандарына әкесінің жас кезін еске салды

Айсәуле Бақытбек жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы айтып берді

Талқылау