Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің ұлы тыңдармандарына әкесінің жас кезін еске салды

Сәкен Майғазиев желіге кезекті рет ұлы Әділетпен түскен суретін жүктеп, көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары ер жеткен ұлының әнші-әкесінен аумай қалғанын байқап қалды, деп хабарлайды Stan.kz.

майгазиевы

«Ұлым екеумізден мың сәлем! Армандарыңыз алдамасын», – деп жазды Майғазиев желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Әділеттен Сәкен Майғазиевтің жас кезін көріп тұрғанын айтты. Көпшілік әншіге бала-шағасының қызығын көруді, отбасының амандығын тіледі.

«Әділет өзіңізден аумайды», «Ұлыңыз өзіңіздің бауырыңыз сияқты. Сіз сияқты үлкен тұлға болсын», «Сіздің жас кезіңіз десе де болады ұлыңызды», «Алтын асықты ұлыңыз аман болсын», «Анасына аздап ұқсайды», – деп пікір білдірді тамсанған желі қолданушылары.

Айта кетейік, Майғазиевтің Әділеттен бөлек, Раяна мен Мәриям есімді қос қызы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы: Пәк қыздарды бұл қоғам баяғыда «қызыл кітапқа» енгізіп жіберген

Шыңжаңдық «Қайрат Нұртас» көпшіліктің қошеметіне бөленді (видео)

Қайрат Нұртас: Мені автобустан немесе базардан көрсеңіздер таңғалмаңыздар

Нұрлан Еспанов Абай Бегеймен не себепті “сүйіскенін” түсіндірді (видео)

Талқылау