Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Көлгіновпен кездесуді армандайды

2019 жылдың ақпан айында кәріз құдығына құлап, қаза болған 13 жастағы Бақдәулет Өмірхан — бір үйдің жалғыз баласы. Ұлынан қайғылы жағдайда айырылып қалып, дәрменсіздің күйін кешіп жүрген ана елорда әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуді армандайды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

13 жастағы ұлынан қапияда айырылып қалған ана қайғыдан қан жұтып, шарасыздың күйін кешіп отыр. Бала өліміне жауапты кәсіпорынның жетекшісі әйелден кешірім сұрамаған. Ашынған ана жалғыз баласы қаза тапқан соң, бірнеше күрделі дертке шалдыққан. Денсаулығы сыр берсе де әділдікті көксеген әйел елорда әкімімен кездескісі келеді. Бұл туралы блогер Ерлан Сәкенов Facebook әлеуметтік желісінде хабарлады

"Ұлы қайтыс болған соң, Перизат көптеген ауруларға: геморрагиялық васкулитке шалдыққан, омыртқалық күретамырлары және жүйке түйіндері қысылып қалған. Ана аталған ауруларға баласы қайтыс болған соң, уайым-қайғыдан шалдыққан. Қазір ол дәрі тамызғыштың астында жатыр. Күйзелістен шыға алмай жүргенде аутоиммунді аурулар пайда болды. Ол бұрын-сонды мұнымен ауырмаған. Емделу үшін ауруханаға жатпады. Сот дауы созылып кетті. 

Ұлы дүниеден озғаннан кейін "Астана су арнасы" кәсіподақ комитетінен бір ғана адам келген. Бас директор келіп, көңіл айтпаған да. Бала құлап кеткенде еш жері сынбаған еді. Ол ұзақ уақыт бойы есін біліп жатты. Денесі ауырып, аяқ-қолы жырылса да, бала тырмысып, өмір үшін күресті. Сол кезде "Астана су арнасы" график бойынша қырқыншы станцияны тексеріп жатқан, бірақ ұлы қайтыс болған құдықты бриагда қараған да жоқ. Бұл аймақтағы құдықтар "Астана су арнасына" 2014 жылдан бастап тиесілі. 

Бақыт Сұлтановтың өкілдері Перизатты қала әкімімен кездестіре алмады. Перизат сол кездесуге адвокатпен бірге барғысы келді. Қаланың қазіргі әкімі Алтай Көлгіновпен де кездесе алмады. Перизат оған сұратым жолдап, байланысқа шығуын күтіп жүр", — деп жазды блогер. Сонымен қатар, ол ата-ананың өз балаларын жер қойнына тапсыру қасіретіне тап болмауы керектігін ескерді.

Естеріңізге сала кетейік, елордада 13 жастағы жеткіншек Бақдәулет Өмірхан кәріз құдығынан өлі күйінде табылмай тұрып, көріпкел әжей оның тірі екенін айтқан болатын.

Талқылау