Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыдекеңе сыйлықтың “көкесін” жасадым: Қарақат жарының туған күніне ерекше құттықтау жолдады (фото)

Болмановтар отбасы мамыр айында қос қуанышты атап өтеді! 15 мамыр күні Қыдырәлі мен Қарақаттың көптен күткен қызы дүниеге келсе, араға төрт күн салып, отағасы туған күнін тойлайды. Иә, 19 мамыр күні Қыдырәлі Болманов 54 жасқа толды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қыдекеңе сыйлықтың көкесін жасадым Қарақат жары Қыдырәліні туған күніне ерекше құттықтау жолдады

Бірнеше бизнесті қатар алып жүрген Қыдырәлі өзінің дәл осы күні өмірге келгенін ұмытып кеткен. Жұлдызды әкеге меншікті мерекесі жайлы балалары айтқан.

“Ауыз ашардан соң, жиналыс өткізіп үйге келсем, Алла бере салғандарым неше түрлі сыйлық дайындап қойыпты. Туған күнім екені сонда ғана есіме түсті. Имашымның құттықтау xатынан: “Әке мен сізді туған күніңізбен құттықтаймын! ҚасиеттІ Оразада сізге тілерім, ауырмаңыз, әрқашан жолыңыз ашық болсын, Алланың нұры жаусын, екі өмірдің абырой, бақытын тілеймін! Сіз мейірімдісіз, адалсыз, арлы адамсыз, кек сақтамайтын жақсы адамсыз, әрқашан да уәдеңізде тұрасыз. Сіздің бойыңызда нағыз ер жігітке тән жігер, күш, намыс, ақыл бар. Сіздей әкем барда мен баймын, бақыттымын. Сіз бізді бақытты қылдыңыз, енді біз сізді” деп жұмылған жұдырықтың суретін салып қойыпты.

Әр әкенің жүрегін бақытқа толтырар – Алла бере салғандарыңның тілегі, балаңның есейіп қалғанын сездірер, өз жүрегімен жазып дайындаған бес ауыз сөзіне жетер сыйлық жоқ екен. Әр сөзі жүрегімнен кіріп, тұла бойымды аралап кетті. Мейірімді Аллаға сансыз мадақ айта отырып, Қасиетті Оразада перзенттерімді тіл-көз, бәле-жаладан сақтап, салиxалы ұрпақтан, сүйікті құлдарыңның қатарынан ет! Елім мен жерімді сақта ! Әр отбасына бақыт, береке бер деп тілеймін! Ораза мүбарак болсын”, – деп қуанышымен бөлісті Болманов желідегі парақшасында.

Ал Қарақат Әбілдина жарына деген ыстық ықыласын желідегі парақшасы арқылы жеткізді.

“Бүгін біздің үйдің арқа сүйерінің туған күні. Жыл сайын мамыр басталғаннан “қалай құттықтаймыз, қалай таң қалдырамыз” деп әбігерге түсіп жатушы едік, Аяла туғалы Қыдекеңнің туған күні екінші орынға түсіп қалды. Қызына алданып туған күнін өзі де ұмытып қалып жүр. Осыдан бір жыл бұрын Қыдекенің туған күніне 4 күн қалғанда көптен күткен қызымызды жарық дүниеге әкеліп “сыйлықтың көкесін” жасадым ғой деп арқаны кеңге салғанмын.

Қыдекеңе сыйлықтың көкесін жасадым Қарақат жары Қыдырәліні туған күніне ерекше құттықтау жолдады

Аяла шынымен де тосын сыйдың “көкесі” болды. Күн өткен сайын түрі айқындалып, қылығы шығып келе жатыр ғой, қызымыздың бейнесіне қараған сайын Қыдекең ерекше елжіреп отырады. Себебі Аяла менің марқұм енемнен аумай қалған, тіпті аузынан түскендей ұқсайды екен. Анасынан жастай қалып, сағыныштан сыздап жүрген жүрекке шынымен бұдан артық не сый керек?! Бұл Алланың құдіреті, Алланың сыйы деп қабылдадық. Алланың берер сыйы таусылмасын жаным! Ортамызда тіренішіміз, сүйенішіміз болып аман жүр ботам!” – деді ол.

Тағы оқыңыз: 

Мені танымаса да: Әнші Адам марқұм Батырхан Шүкеновтің өзіне көрсеткен құрметі жайлы айтты

Сәкен Майғазиевтің микрофонын тартып алған бүлдіршін жұртты күлдірді (видео)

Ринат Зайытов Ninety one-ды сабамақ болған “Меломен” тобын жақтап шықты (видео)

Ерке Есмахан: 30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та ханзадаға тұрмысқа шығуға болады екен

Талқылау