Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күзге дейін 10 млн қазақстандық вакцина алып үлгере ме: Министр түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой күзге дейін 10 миллион адамды вакцинациялау жоспары туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз де вакцинацияның тезірек аяқталғанын қалаймыз. Тиісті нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі қарқынды күшейту қажет. Коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия әр апта сайын, вакцинациялау мәселесін көтереді. Алайда вакцинациялау ерікті түрде жүргізілетіндіктен, бұл сұранысқа да байланысты”, – дейді Цой. 

Алексей Цой вакцина ерікті түрде жүргізілетіндіктен күзге дейін нақты қанша қазақстандық вакцинацияланатынын кесіп айта алмайтынын жеткізді.

“Біз күзге қарай вакцинацияланғандар саны 10 миллионға жетеді деп жоспарлаған болатынбыз. Біз вирус жұқтырып, ауырғандарына алты ай өткен азаматтар да вакцина салдырады деп үміттеніп отырмыз. Өкінішке орай бұл вирусты бірнеше рет жұқтыра беруге де болады. Коронавирустың тағы бір толқыны бомауы үшін, біз вакцина салдыруымыз керек”, – дейді Цой. 

Талқылау