Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Күзетшіні соққыға жыққан экс-әкім Маңғыстау әкімінің орынбасары болды (видео)

2022 жылы атышулы видеодан кейін қызметінен кеткен Маңғыстау ауданының бұрынғы әкімі Тілек Қошмағанбетов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

14 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өзінің жаңа орынбасары Тілек Қошмағанбетовті таныстырды.

2022 жылдың қыркүйегінде Қошмағанбетовтың желіде күзетшіні ұрып-соққан видеосы тарады. Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырып, шенеуніктің қызметінен кететіні хабарланды. Алайда Қошмағанбетовтың өзі кететінін денсаулық жағдайымен түсіндірді.

"Денсаулығыма байланысты жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. Мен бұл шешімге бірден келген жоқпын. Бұл – менің көп ойланғаннан кейін қабылдаған шешімім. Сондықта баршаңызды сабырлы болуға, түсіністік танытып, менің шешімімді құрметтеуге шақырамын. Денсаулығымыз түзелсе, елге қызмет етуден қашпаймыз. Осы жылдары мені қолдап, өңірдің дамуына атсалысқан әріптестеріме, қала тұрғындарына алғыс айтамын", – деді ол.

Осы келеңсіздіктен екі жылдан астам уақыт өткен соң Қошмағанбетов мемлекеттік қызметкерлер қатарына облыс әкімінің орынбасары болып оралды.

Тілек Қошмағанбетов 1979 жылы 13 маусымда Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Оның еңбек жолы күзетші және жүргізуші болып басталды, одан кейін қаржылық және әкімшілік салаларда әртүрлі қызметтерді атқарды, оның ішінде "Нефтебанк" АҚ-да жұмыс істеді. Одан кейін Жаңаөзен және Ақтау қалалары әкімдерінің орынбасарлары болды, ал 2019-2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысын үлкен жанжалдан кейін қызметінен кеткенге дейін басқарды.

Талқылау