"Күз жақындағанын сезінеді": Еліміздің солтүстігі мен шығысында күн суытады

"Қазгидромет" мамандары Қазақстан аумағына Батыс антициклоны ығыса бастайтынын, соның әсерінен күн суытатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше, суық ауа массалары еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
"Солтүстік пен шығыста күндізгі уақытта сынап бағаны +12…+17 градусқа дейін төмендейді.
Тіпті оңтүстік өңір тұрғындары да күздің жақындағанын сезінеді – аптап ыстықтың беті қайтып, +23…+28 градус жылы болады", – делінген ауа райы болжамында.
Тек еліміздің батысы Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массаларының ықпалында болады да, мұнда ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, +32…+37 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"