Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектігі бар күйеуін өлтіруге киллер жалдады деп айыпталған Эльвира Еркебаеваға шартты жаза тағайындалды

Фото: uralskweek.kz

БҚО-да күйеуін өлтіру үшін киллер жалдады деп айыпталған әйел мен сыбайласына сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еркебаева мен Кузнецовқа қатысты сот отырысы 2024 жылдың 23 тамызында басталған. 

Сотталушыларға 99-баптың 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Эльвира Еркебаева араздық қарым-қатынасына байланысты бұрынғы күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіруді ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Эльвира Еркебаева бұрынғы күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіру үшін екі миллион теңгеге киллер жалдаған. Қылмысты ұйымдастыруға 33 жастағы Кузнецов көмектескен, ол тапанша сатып алып, ер адамды өлтіруге тиіс болған. Абырой болғанда, қылмыс тек жоспар күйінде қалған.

Сот барысында Ербол Еркебаевтың 20 жыл бойы әйеліне психологиялық қысым көрсетіп, оны қудалап, қорлап келгені белгілі болды. Әйел бірнеше рет күйеуінен көрген соққысы бойынша полицияға шағымданған. 


Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған

Әйел 12 жастағы қызын өлтіру үшін киллер жалдаған


Сот қылмыстық істі “аса ауыр қылмысқа дайындалу” бабы бойынша қараса да, алқабилер күдіктілерді мүлде басқа бап бойынша кінәлі деп тапты. 

Еркебаева мен Кузнецов алқабилерінің үкімімен қылмыстық кодекстің “адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен атыс қаруын заңсыз иемдену” бабы (287-баптың 4-бөлігі) бойынша кінәлі деп танылды. 

“Сот жаза тағайындау кезінде жас балаларының болуын, ішінара шын жүректен өкінуін, жәбірленушінің құқыққа қарсы әрекетін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Сот заң талаптарын негізге ала отырып, Е және К-ға 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, бұл жаза шартты деп танылды”, – делінген сот хабарламасында.

"Мой город"-тың хабарлауынша, айыпталушылар сот залынан босатылды. 

Сот процесінен кейін Эльвира Еркебаева өзіне сенген, ақпаратты жариялап, таратқан қазақстандықтарға алғыс айтты.

"Әділдік бар екен, әділдік салтанат құрды. Қолдау өте зор болды. Адвокаттарыма, отбасымa, барлық қазақстандықтарға рахмет. Қазір жан-дүнием эмоцияға толып тұр. Ең алдымен анама барамын", – деді Эльвира Еркебаева.

Максим Кузнецов та жақсы нәтижеге сенгенін және үміттенгенін жеткізді.

Жәбірленуші Ербол Еркебаевтың өзі сотта бұрынғы жұбайына қарсы қозғалған қылмыстық істің құқық қорғау органдары тарапынан ұйымдастырылған “арандату” екенін мәлімдеді. Ол жәбірленуші мәртебесінен бас тартып, Еркебаева мен Кузнецовқа ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

Айыптау тарабының өкілі, прокурор Дина Изтлеуова сот жарыссөзінде айыпталушылардың кінәсі дәлелденгенін айтып, Эльвира Еркебаеваны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруды, ал Максим Кузнецовты 10 жылға соттауды сұраған.

Еске салсақ, бұған дейін Батыс Қазақстан тұрғыны бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 25 Тамыз, 2025 21:11